Германиядағы ең ірі тонау: Ұрылар үптеп кеткен қаражат тоқсан миллионға жетіп жығылады
Фото: Гельзенкирхен полициясы
Германияның батысындағы Гельзенкирхен қаласында ел тарихындағы ең ірі банк тонауы тіркелді. Қаскөйлер Sparkasse банкінің сақтық қоймасындағы мыңдаған сейф ұяшықтарын бұзып, ішінен қомақты қаражат алып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Қылмыскерлер бетон қабырғаны тесіп, банк қоймасы мен автотұрақ арасынан өткел жасаған. Олар 3 200-ге жуық сейфті ашып үлгерген. Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген шығын мөлшері 10 млн-нан 90 млн еуроға дейін жетуі мүмкін.
28 желтоқсан күні кешке куәгерлер автотұрақ сатысынан үлкен сөмкелерді арқалаған ер адамдарды байқаған. Ал келесі күні таңертең бақылау камералары қара түсті Audi RS6 көлігін тіркеген. Автокөліктегілер бетперде киген, ал нөмірі ұрланған болып шықты.
Полиция бұл қылмыс кәсіби түрде ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Сейфтерден қолма-қол ақша, алтын және бағалы әшекейлер ұрланған.
Әр сейф максимум 10 300 еуроға дейін сақтандырылған. Жалпы 2 700 адам зардап шеккен.
Айта кетейік, Луврдағы «ғасыр тонауы» 18 қазанда болды. Ол кезде баға жетпес француз корольдерінің асыл тастары ұрланған еді. Парижде қылмыскерлер жеті минут ішінде 88 миллион еуроға жуық бағалы заттарды тонап, Лувр қазынасын үптеп кеткеннен кейін мұражай басшылығы қалған бағалы заттарды жер астына жасырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық