Геннадий Головкин ішкі істер министрлігімен келісімге қол қойды
Фото: ІІМ
Ішкі істер министрі мен Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.
Мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау және Қазақстанда олимпиадалық қозғалысты дамыту. Спорт пен полицияның тығыз байланыста екенін спорт кадрларының ұстаханасы есептелетін ішкі істер министрлігіне қарасты «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы да растап отыр.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Олимпиада ойындарында жеңіп алған 71 медальдың 66-сы «Динамо» спортшыларына тиесілі екенін атап өтті. Солардың бірі – ел мақтанышы, «Динамо» клубының түлегі, көрнекті боксшы Геннадий Головкин.
Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы ішкі істер министрлігіне олимпиадашыларды дайындауға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді және спортты одан әрі дамыту және спортшыларды әлемдік жеңістерге дайындау үшін табысты ынтымақтастыққа сенім білдірді.
Кездесу соңында министр Сәденов Геннадий Головкинді халықаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін ведомстволық медальмен марапаттады.
Жаңалықтар
- Израиль президенті Ицхак Герцог Қазақстанға ресми сапармен келді
- Сотталған блогер Жанәбіловтер амнистияға ілінуі мүмкін
- Астанада LRT-мен жүруге арналған жеңілдік картасын кімдер ала алады?
- Ерлі-зайыпты блогер Жанәбілевтерге сот үкімі шықты
- 1 мамыр — бірлік символы: Қазақстан халқын біріктірген мереке қалай пайда болды?
- Тоқаев Оңтүстік Африка халқын бостандық күнімен құттықтады
- «247,6 млн теңге көлеміндегі шығынды толық өтеген»: Жанәбіловтер тергеумен келісімге келді
- Румынияда әйелдерді өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады
- Депутат Базарбек эмоциясын тежей алмай, «Болашақ» жүйесін қатаң сынға алды
- Қазақстанның жоғары білім саласында миллиардтаған шығын анықталды
- Мәжілісте түлектерді жұмыспен қамту туралы мәлімет сынға ұшырады
- Қылмыстық іс қозғалды: Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды балағаттаған әйел полицияға жеткізілді
- 1 мамырдан бастап не өзгереді: Төлемдер, маусымдық шектеулер және емтихан кезеңі
- Тоқаев Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады
- ІІМ банк арқылы болатын алаяқтықтың жаңа түрін ескертті
- Тәрбиеші ұрған баланың ата-анасы арыз жазудан бас тартқан
- Қазақстандықтардың деректерін сатқан: Астана мен Алматыда қылмыстық топ құрықталды
- Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
- Трамп қатысқан кездесудегі атыс: Шабуыл туралы не белгілі?
- Таяу Шығыс бойынша келіссөз өткізу алаңы ретінде Түркістан ұсынылды