Геннадий Головкин Қазақстанға ұшып келді

cover

IBF және IBO бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин Алматыға келді.

Бұл туралы Orda.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Геннадий Головкин лоттардың бірі ретінде қолтаңбасы бар қолғаптары қойылған қайырымдылық шарасына қатысты.

– Мен үйге келгеніме өте қуаныштымын, - деді Головкин.

Іс-шараға GGG-дің ағасы Максим Головкин мен ресейлік UFC файтері Зубайыр Тухугов та қатысты.

Еске салсақ, сәуірде Головкин американдық люкс-бренд Soul of Nomad-пен Soul of GGG киімдерінің шектеулі коллекциясын шығару үшін ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар