Генетиканың жаңа деңгейі: Нобель лауреаттары микроРНҚ-ның маңызын ашты
Фото: nobelprize
2024 жылғы Нобель сыйлығы физиология және медицина саласында америкалық ғалымдар Виктор Амброс пен Гэри Рувкунға гендерді реттеудің жаңа принципін ашқаны үшін берілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Олар микроРНҚ (микроРибонуклеин қышқылы) деп аталатын кішкентай РНҚ молекулаларының генетикалық реттеу жүйесінде маңызды рөл атқаратынын дәлелдеді.
Ғалымдар әртүрлі жасуша типтерінің қалай дамитынын зерттей отырып, микроРНҚ-ның генетикалық ақпараттың транскрипциядан кейінгі кезеңінде қалай реттелетінін анықтады. Бұл молекулалар жасушалардағы гендердің белсенділігін бақылау процесінде өте маңызды болып шықты.
«Олардың жаңалығы тірі ағзалардың, оның ішінде адамның қалай дамитынын және жұмыс істейтінін түсінуге жаңа көзқарас ашты» делінген Нобель комитетінің хабарламасында.
Бұл зерттеу генетикалық ақпараттың ДНҚ-дан ақпараттық РНҚ (мРНҚ) арқылы қалай жеткізілетінін, сосын жасушаларда ақуыздардың қалай синтезделетінін көрсетеді.
Ашылған ғылыми жаңалықтың адамзатқа тигізер пайдасын қарапйым тілмен түсіндіре кетсек. Көптеген ауруларды диагностикалау және емдеуде тигізер пайдасы аса зор. Атап айтқанда, микроРНҚ-лардың ісік, жүрек аурулары, диабет сияқты көптеген ауруларда анықталды. Оларды зерттеу арқылы аурулардың патогенезін түсініп, жаңа терапиялық тәсілдер мен диагностикалық тесттер әзірлеуге болады. Мысалы, микроРНҚ-лардың деңгейі қатерлі ісік ауруларын анықтауда биомаркер ретінде қолданылуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық