Газбен жүретін көліктер мен газ құю бекеттеріне жаңа шектеу енгізіледі
Фото: freepik.com
Газ құю бекеттерінде қауіпсіздік талаптары күшейтіледі. Мәжіліс депутаттары бұл заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәжілісте не айтылды?
Бүгін, 11 ақпанда мәжілістің жалпы отырысында «Газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұтыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин аталған заң жобасының егжейін-тегжейін түсіндірді. Оның айтуынша, елде 3000 автогаз құю бекеті бар. Оның 90 пайызында жерүсті газ резервуарлары орнатылған. Мәжілісте мақұлданған түзетулер аясында жергілікті атқарушы органдарға автогаз құю бекетінің шекті санын белгілеу жөнінде өкілеттік беру жоспарланып отыр.
Қандай шара қоданылады?
Заң жобасында көгілдір отын бекеттерінде қауіпсіздік деңгейін арттыру шаралары қарастырылған. Енді жаңадан ашылатын автогаз құю бекеттеріндегі үлкен ыдыстар жер астына орналастырылады. Ал жұмыс істеп тұрған бекеттер 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін осы ыдыстарды жер астына салуға міндеттелді. Сондай-ақ көліктер мен тұрмыстық газ белгіленген орындардан тыс жерде толтыруға тыйым салынады.
Айта кетейік, 2025 жылы газ құю бекеттерінде бірнеше қайғылы жағдай тіркелді. Былтыр наурызда Түркістан облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болып, екі адам мерт болды. Ал мамыр айында Атырау облысында жанармай құю бекетінде болған жарылыстан 2 адам мерт болып, 14 адам зардап шекті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық