Газада ауруханада болған жойқын жарылыстан 500 адам қаза тапты
Израильдің Газа секторындағы ауруханаға жасаған соққысынан кемінде 500 адам қаза тапты.
Бұл туралы Палестина эксклавының денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Хамас мәлімдемесінде ауруханада жүздеген науқас пен жаралы бар екенін айтты. Оның ішінде үйлерінен күштеп көшірілгендер де бар. Хамас бұл оқиғаны «әскери қылмыс» деп атады. Палестинада үш күндік қаралы күн жарияланды.
«Палестина мемлекетінің басшысы Махмуд Аббас Газа секторындағы әл-Ахли ауруханасына израильдік әуе шабуылдары құрбандарын еске алу үшін үш күндік аза тұту жариялап, қайғының белгісі ретінде туларды жартылай түсіруді бұйырды» делінген президент баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өз кезегінде Израиль қорғаныс күштерінің баспасөз қызметі Газадағы ауруханалардың бірінде болған күшті жарылыс Палестина анклавынан сәтсіз зымыран ұшырудың салдары деп сендірді. Ведомствоның мәліметінше, бұған «Ислам жиһады» ұйымы жауапты.
«Әртүрлі дереккөздерден алынған барлау мәліметтері Газадағы ауруханаға сәтсіз атылған зымыран ұшыруға Исламдық жиһадтың жауапты екенін көрсетеді» делінген хабарламада.
Еске салайық, 7 қазанда Хамас күштері Израильге бірнеше мың зымыран атып, «Әл-Ақса тасқыны» операциясының басталғанын хабарлаған болатын. Мыңдаған содырлар Израиль аумағына басып кіріп, ондаған әскери техниканы және жүзден астам адамды кепілге алды. Салдарынан Израиль премьер-министрі Нетаньяху елдің соғыс жағдайында екенін мәлімдеді.
ЦАХАЛ-дың жауап беру операциясы «Темір қылыштар» деп аталды және оның мақсаты Хамасты жою.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық