Газа секторында Израиль мен Хамас арасындағы бітім аясында алғашқы кепілге алынғандар босатылады
Сүрет: Reuters
Израиль мен Хамас арасындағы бітім бүгін басталады. Төрт күндік соғыс қимылдарын тоқтату кепілдегілерді айырбастау және Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге жол ашады деп хабарлайды Orda.kz.
Катар Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Маджид бен Мұхаммед әл-Ансаридің айтуынша, Газа секторында Хамас содырлары кепілге алған алғашқы топ жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де босатылады.
«Бірінші топ, оның ішінде 13 әйел мен бала сағат 16.00 шамасында тапсырылады. Егер кепілге алынғандар арасында бір отбасы мүшелері болса, олар бірге босатылып, осы бірінші топқа қосылады», - деді әл-Ансари Дохадағы баспасөз мәслихатында.
Катар дипломаты сонымен бірге гуманитарлық бітім аясында босатылуы тиіс адамдар тізімі келісім тараптарына берілгенін растады. Ол келісім шарттары өзгеріссіз қалғанын, төрт күн ішінде кепілге алынған 50 израильдіктің босатылуынан үмітті екенін айтты. Кепілге алынғандарды босату процесіне Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері қатысады.
Жаңалықтар
- Прокурор Жанәбіловтерге жаза мерзімін сұрады
- Павлодарда полицей әйелдің денесін өртеп жіберген
- Екі кеме Ормуз бұғазы арқылы өтуге тырысқан: Иран әскери-теңіз күштері оларды ұстады
- Талғардағы сұмдық: Өлтірілген жігіттің туыстары оқиға туралы айтып берді
- СІМ Дубайда өмір бойына сотталған 22 жастағы қазақстандықтың ісіне қатысты пікір білдірді
- Ауыл мектептерінде директорлар жетіспейді
- «Арал теңізі – дұрыс жүргізілмеген саясат салдары» — Астанада өтіп жатқан экологиялық саммитте Тоқаев не айтты?
- Мәжіліс депутаты базарларға дизайн-код енгізуді ұсынды
- 100 жыл бұрынғы қазақ қыз-келіншектерінің келбеті қандай болды?
- Қызылордада ауылдық клубтың директоры мен есепшісі 10 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген
- Астанадағы самитте Арал өңірінің экологиясы мен климаттық-экологиялық мәселелер талқыланады
- Маслихат депутаттарының билігі күшейеді
- Талғарда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды: Бірден 2 қылмыстық іс қозғалды
- Қазақ поэзиясының қара нары — Мұхтар Шаханов туған топырағына жерленді
- Дәрігерге күш қолданған азамат 1,5 жылға сотталды
- «Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалды
- ІІМ автомектептерге тексеріс барысында 701 оқу тобы қызметін тоқтатты
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады