Газа Секторында 25 Қазақстан азаматы қалды
Қазір Израиль бомбалап жатқан Палестинада Қазақстанның 25 азаматы бар.
Бұл туралы Астанада өткен брифингте сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.
Қазақстанның Иорданиядағы елшілігінің мәліметінше, Газа секторында 25-ке жуық отбасы бар, олар қазақстандық төлқұжаты бар азаматтар.
«Негізінен бұл Палестина азаматтарымен некедегі біздің азаматтар.Түскен мәліметтерге сүйенсек, Израильдің құрлықтағы операция жоспарына, сондай-ақ жалғасып жатқан жарылыстарға байланысты бірқатар отбасы қауіпсіз жер іздеп Газа секторын үнемі айналып жүр»,- деді Смадияров.
Оның айтуынша, ол жерде жерүсті қозғалысы қиын, коммуникациялар мен электр жарығында қиындықтар бар.
Дипломаттар олармен байланыс орнату үшін жұмыс істеп жатыр.
Смадияров Израильде қалып қойған қазақстандықтар туралы да айтты. Қазақстан үкіметі мен «Эйр Астана» әуе компаниясы Қазақстанға оралғысы келетін азаматтардың тізімін жасақтауда. Осы уақытқа дейін 118 қазақстандық Қазақстан Республикасына оралуға шешім қабылдады. Тель-Авив халықаралық әуежайы қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда.
Қазақстанның Израильдегі елшілігінің консулдық есебінде 77 адам бар. Оның ішінде елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері. Қазақстаннан бес студент Израиль университеттерінде білім алуда, ал 30-ға жуық қазақстандық Израильдің әртүрлі медициналық мекемелерінде – барлығы 112 адам тағылымдамадан өтуде.
Бұған дейін америкалық The Wall Street Journal басылымы ХАМАС Иранның қолдауымен Израильге қарсы шабуыл дайындап жатқанын хабарлаған. Бірақ мұны Иран билігінің өзі де, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Этнони Блинкен де жоққа шығарды, олар CNN телеарнасына берген сұхбатында Иранның бұл шабуылға қатысы туралы ешқандай дәлелдері жоқ екенін айтты.
Еске салайық, араб-израиль қақтығыстарының жаңа серпіні 7 қазан күні таңертең Израиль аумақтарын жаппай атқылаудан, содан кейін Хамас пен исламдық жиһад содырларының шекарадағы елді мекендерге шабуылынан басталды. Бұған жауап ретінде Израиль үкіметі соғыс жағдайына көшкенін және «Темір қылыш» операциясының басталғанын жариялады. Осылайша Израиль аумақтарын тазарту және Газа секторындағы ХАМАС нысандарына қарсы әуе шабуылдары үшінші күн жалғасуда.
Дүйсенбі таңертеңгі мәлімет бойынша, палестиналықтар шабуылынан 700 израильдік қаза тауып, 2000-нан астамы жараланды. Тағы жүзге жуық адам ХАМАСтың кепілінде. Газа секторында Израиль әуе күштері соққысынан 400-ден астам адам қаза тапты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық