Газа секторынан 28 қазақстандық елге оралды
Қазақстан Палестина халқына қосымша материалдық гуманитарлық көмекті арнайы әуе көлігімен жеткізді.
Дәл осы ұшақ Газа секторынан эвакуацияланған 28 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелерін алып қайтты.
Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлайды.
«Барлық міндетті рәсімдер аяқталғаннан кейін эвакуацияланған Қазақстан азаматтарына қажетті құқықтық, медициналық және басқа да көмектер көрсетіледі. Осыған дейін, 17 қарашада азаматтардың бірінші тобы, оның ішінде 99 адам дәл осындай жолмен қауіпсіз жерге көшірілді» деп атап өтті СІМ.
Гуманитарлық көмекке салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді. Ол Мысырдың Қызыл Ай қорына берілді. БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігі Мысыр билігімен бірлесіп Қазақстаннан жеткізілген көмекті мұқтаж палестиналықтарға аударады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық