Ғалымжан Жақияновқа қарсы қылмыстық іс қозғалды
Семей және Павлодар облыстарының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақиянов өзіне қарсы жаңа қылмыстық істің ашылғанын хабарлады.
Жақиянов Facebook парақшасында Алматыда жаңа іс ашылғанын жазды.
«Мәселенің қысқаша мән-жайы былай: бір кездері өз басындағы қарыздарымен қаржылық жауапкершілікті Тоқтасынов маған жүктеуге тырысты. Өкінішке қарай, оның бұл әрекетке баруына ұзақ жылғы достығымыз да кедергі бола алмады. Ол маған жала жабумен, азаматтық сотқа жүгінумен шектелмеді. Мәселен, 2022 жылы Моңғолия полициясына менің үстімнен арыз жазды. Құқық қорғау органдары барлық мән-жайды тексеріп, мені жауапқа тартуға негіз таппай, керісінше, Тоқтасыновтың өзіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Осыдан кейін ол Моңғолиядан кетуге мәжбүр болды. Қазір оған іздеу салынған» деп түсіндірді Жақиянов.
Өткен жылы Жақиянов әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты Тоқтасыновқа қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған.
Бұл жолы Алматы прокуроры С.Кәріпбеков Тоқтасыновтың мәлімдемесіне жаңа қадам жасады.
«Күні кеше тағы бір жайт естідім. Төлен Тоқтасынов былтыр Алматының Бостандық аудандық полициясына да дәл сондай арызбен жүгініпті. Ондағылар да менің іс-әрекетімде қылмыс құрамы болмауына байланысты маған қатысты іс қозғаудан бас тартады. Алайда биылғы жылдың 1 ақпанында Алматы қаласы прокуроры С.Кәріпбеков ол шешімінің күші жойылып, Тоқтасыновтың арызы бойынша тергеу басталғанын хабарлапты. Осылайша, «Жаңа әділетті Қазақстанда» маған қарсы жаңа қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстан азаматтары арасындағы жеке дауға қала прокурорының араласуы күмән тудырады. Әсіресе, ҚР Бас Прокурорының прокуратура өкілдеріне іскерлік дауларға араласуға тыйым салатын ресми нұсқауы бар екенін ескерсек, бұл мүлдем ойға қонбайды.
Сондықтан осы істе не жемқорлық, не саяси астары бар деп санаймын. Екеуінің нақты қайсысы екенін алдағы уақыт көрсетер» деп жазды Ғалымжан Жақиянов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық