Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Instagram/ ccgt_turkistan
Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов біраз уақыттан бері көрінбей кеткен еді. Күні кеше бұрынғы әкім Түркістан облысында 1000 МВт қуаттылықтағы бу-газ электр станциясын салу мәселесі бойынша жұмысқа қатысты кездесуде бой көрсетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Іс-шарадан фотосуреттер мен бейнелер ccgt_turkistan Instagram-парақшаға жүктелді. Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ-ға еншілес «Turkestan CCGT» ЖШС-нің ресми парақшасы. Жазбада «Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ басқарма төрағасының операциялар жөніндегі орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов және компания басшылығы құрылыс алаңына жұмыс сапарымен барып, стратегиялық жобаның барысын қарап шыққаны айтылған. Алайда, компанияның ресми сайтында жаңа тағайындалу туралы ешқандай ақпарат жоқ.
«Самұрық-Қазына» қоры Шымкент экс-әкімінің жаңа қызметке келгенін «Ордаға» ресми растады. Ғабидолла Әбдірахымов 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының пайдалану мәселелері жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ғабидолла Әбдірахымов мемлекеттік қызметке төрт жылға жуық үзілістен кейін қайта оралды. Оның соңғы атқарған жоғары лауазымы 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығындағы мәдениет және спорт вице-министрі қызметі болатын.
Шенеунік бұған дейін Шымкент қаласының әкімі ретінде кеңінен танылды. Алайда 2019 жылы Лондондағы Пикадилли көшесінде түсірген видеосы қоғамда үлкен сынға ие болып, артынша ол «саяси сенім таусылды» деген тұжырыммен қызметінен босатылды. Сондай-ақ Әбдірахымов Арыстағы жарылыстан кейін наразылыққа шыққан тұрғындармен кездесуде ер адамдарды «әйелдеріне ие болуға» шақырып, даулы мәлімдеме жасаған болатын. 20 жылдан астам мемлекеттік қызмет тәжірибесі бар ол әр жылдары Президент әкімшілігі мен Үкіметте түрлі басшылық лауазымдарды атқарған.
2023 жылдың басында Ғабидолла Әбдірахымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу материалдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне берілгені мәлім болды. Бұған дейін аталған істі Алматы қалалық полиция департаменті «алаяқтық» бабы бойынша тергеген.
Forbes тізіміндегі белгілі кәсіпкер, «Alageum Group» иесі Сайдулла Қожабаев Әбдірахымовты, Кәрім Мәсімовті және тағы үш адамды «аса ірі көлемде алаяқтық жасады» деп айыптап, арыз түсірген. Кәсіпкердің уәжі бойынша, аталған тұлғалар алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен оның мүлкін немесе мүлікке деген құқығын иемденген. Іс Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Антикор тергеу мүддесіне байланысты күдіктілердің нақты мәртебесі мен істің егжей-тегжейін жарияламады.
Айта кетейік, Талдықорғанда Айзат Жұманованы аяусыз өлтірген күйеуі 14 жылға сотталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық