Гаагадағы халықаралық сот Владимир Путинді тұтқындауға ордер берді
Халықаралық қылмыстық сот Владимир Путин мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белова украиндық балаларды заңсыз депортациялады деген күдікке ілінгенін түсіндірді.
Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путин мен бала құқықтары жөніндегі омбудсмен Мария Львова-Белованы қамауға алуға халықаралық ордер берді, деп хабарлайды BBC.
«Бүгін, 2023 жылдың 17 наурызында Халықаралық қылмыстық соттың екінші сотқа дейінгі палатасы Украинадағы жағдайға байланысты екі адамды қамауға алуға ордер берді, олар: Владимир Владимирович Путин мырза мен Мария Алексеевна Львова-Белова ханым» делінген Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот таратқан баспасөз баянында.
Халықаралық қылмыстық сот Путин мен Львова-Белова украиндық балаларды заңсыз депортациялады деген күдікке ілінгенін мәлімдеді.
Бейсенбі күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Тергеу комиссиясы украиндық балаларды Ресейге алып кетуді әскери қылмыс деп санауға болатынын жариялады.
«Ресей Федерациясының Президенті Владимир Владимирович Путин мырза […] халықты (балаларды) заңсыз депортациялау және Украинаның басып алынған аумақтарынан халықты (балаларды) заңсыз көшіру бойынша әскери қылмыстары үшін жауапты» деп нақтыланған баспасөз хабарламасында.
Халықаралық қылмыстық соттың судьялары Путиннің бұл қылмыстарға тікелей қатысушы ретінде де, қол астындағы қызметкерлері оның тікелей қатысуымен немесе қатысуынсыз бұл қылмыстарды жасаған басшы ретінде де жеке өзі жауапты деп санауға жеткілікті негіздер бар деп қосты.
Халықаралық қылмыстық сот Рим статуты, яғни 1998 жылы Римде қабылданған және 2002 жылы күшіне енген халықаралық шарт негізінде жұмыс істейді. Ресей бұл шартқа қол қойды, бірақ ратификацияламады. Ал президентті қамауға алуға ордер берілгені туралы жаңалықтарда ол оны «елеусіз» деп санайтынын айтты.
— Ресей Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутының қатысушысы емес және ол бойынша міндеттемелер алмайды. Ресей бұл органмен ынтымақтаспайды және Халықаралық соттың қамауға алудың мүмкін болатын «рецептері» біз үшін заң жүзінде маңызды емес, - деді оның ресми өкілі Мария Захарова Ресей сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт