Гүлнара Каримованың түрмеден жазған өлеңін қызы Иман жариялады
Өзбекстанның марқұм президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова түрмеде жазған өлеңдерін қызына жіберді. Бұл туралы оның қызы Иман Каримова өзінің Instagram парағында жариялады.
Иманның айтуынша, ол абақтыдан босатылған тұтқындар арқылы анасынан хабарлама алған.
— Жақында КИН-21абақтысынан босатылған өте батыл әйелдердің арқасында біз анамыз туралы, оның денсаулығы туралы ақпарат алып, осы өлең қолымызға тиді. Өкінішке қарай, онымен біздің байланысымыз жоқ: біз жазбан хаттар жіберілмейді, адвокаттардың да кіруіне тыйым салынған, тіпті телефон арқылы да сөйлесе алмаймыз. Бұл өлең анамның сезімі мен көңіл күйін бейнелейді. Тіпті түрмедегі адамдардың не болып жатқанын елестетіп, бастарындағы жағдайларын ойлаудың өзі өте қорқынышты. Әсіресе, заң үстемдігі жоқ Өзбекстанда, деп жазды Иман.

Өзбекстанның экс-президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы жазасын Ташкент маңындағы №21 Зангиата әйелдер колониясында өтеп жатыр. Ол қомақты қаржыны заңсыз жымқыру, салық төлеуден жалтару, бопсалау және заңсыз ақшаны пайдалану бойынш кінәлі деп танылған.
Бұған дейін Өзбекстан Жоғарғы соты Гүлнара Каримова ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, бопсалау және алаяқтық жасағаны үшін 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айрылды деп хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық