Гүлнара Каримованың тәркіленген үйі сатылымға шығарылды
Өзбекстанның бұрынғы, әрі тұңғыш президентінің қызы Гүлнара Каримоваға тиесілі «Сиджак» демалыс аймағын сатып алуға өтінімдер қабылдау басталды.
Гүлнара Каримованың демалыс үйін Өзбекстанның Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі аукционға шығарды, деп хабарлайды Orda.kz. upl.uz сайтына сілтеме жасап.

Ташкент облысы Бостандық ауданының «Сиджак» демалыс аймағы теңіз деңгейінен 959 метр биіктікте, Пскем өзені аңғарының оң жағасында орналасқан.

5,4 гектар жер аумағында коттедж ғимараттары, жабық және ашық бассейндер, теннис корты, түрлі жаттығу құрылғылары мен жабдықтары бар спорт залдары бар. Басқа ғимараттар мен құрылыс нысандары шамамен 5016,1 шаршы метр аумақты алып жатыр.

«Сиджак» демалыс үйі 2017 жылдың ақпан айында сот шешімімен Гүлнара Каримовадан тәркіленген болатын. Кейіннен бұл орталық Триатлон федерациясына уақытша пайдалануға берілді.
Бұған дейін Өзбекстан билігі Гүлнара Каримованың әлемнің 12 еліндегі пентхаусын, вилласын және валюта қорын есепке алған. Өзбекстанның Бас прокуратурасы анықтағандай, мемлекет пен азаматтардың мүдделеріне келтірілген зиянның жалпы мөлшері бірнеше миллиард доллар мен миллион евро болған. Тек анықталған заңдастырылған активтердің өзі 1 миллиард 394,1 миллион доллар және 26,1 миллион еуро, 27,1 миллион фунт және 18,5 миллион франкты құрайды .
Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі аукционға қатысуға өтінімдерді 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін қабылдайтынын ескертеді.
Естеріңізде болса, Гүлнара Каримова наурызда түрмеден қызына өлең жолдағанын жазған болатынбыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық