Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша жаңа мәліметтер пайда болды
Коллаж Orda.kz
Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мадияр Бәйімбетов брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзі мен департамент басшысы Ержан Жолдасовқа қатысты 747 млн теңгені жымқыру фактісі бойынша тексеріп жатқанын растады.
Бұл іске Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының да қатысы бар.
Шымкенттегі атқарылмаған жұмыстар үшін бюджеттен төленген миллиондаған қаржыны жымқыру ісі тың мән-жайға ие болуда.
Күні кеше Шымкент қаласындағы бас көлік басқармасының орынбасары Мадияр Бәйімбетов мәлімдеме жасады. Ол бұл іс бойынша бастықпен байланыста екенін растады.
«Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы мен оның орынбасары және мен Антикордың сотқа дейінгі тергеуіндеміз. Іспен әлі танысқан жоқпыз, жауапқа шақырған жоқ» деді Мадияр Бәйімбетов.
Еске салсақ, Антикор Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі шымкенттік шенеуніктермен бірлесіп, Шымкентте нақты орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстарына төленген 747 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланды.
Бұдан бұрын да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға рейдерлік жолмен бизнесті басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған болатын.
Гүлмира Сатыбалды ағымдағы жылдың 16 наурызында ұсталып, елорданың уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осыдан бірнеше күн бұрын, 13 наурызда Антикордың қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану және аса ірі көлемде «Қазақтелеком» АҚ қаржысын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болды. Осы қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы да тексерілуде.
Ұсталған Қайрат Сатыбалдыұлы Дубайға ұшпақ болған. Ол Алматы әуежайы аумағында ұсталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық