Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі шықты
Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды екі айға қамауға алынды.
Қамау түріндегі бұлтартпау шарасына Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2022 жылғы 18 наурызда санкция берген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Еске салсақ, Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды рейдерлік жолмен бизнесті басып алуға қатысы бар деген күдікпен ұсталды.
Бұл туралы ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі растады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады» делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.
«16 наурызда Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген хабарламада.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Қазақтелеком» АҚ-ның аса ірі көлемдегі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаржысын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болған. Осы қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Антикор басшысы Олжас Бектенов Сатыбалдыұлының Алматы әуежайы аумағында ұсталғанын және Дубайға ұшпақ болғанын айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы ұрлықтың бірқатар түрлері бойынша қаржы көлемі анықталып жатқанын айтты. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» кеңселері де тінтілуде.
– Менің ойымша, біз тиісті сараптамалар жүргізгеннен кейін ұрланған қаржы көлемін айта аламыз. Әзірге белгілісі әңгіме миллиардтаған ақша туралы, – деді ол.
Жаңалықтар
- Respublica партиясы Құрылтай тізіміне 76 адамын бекітті
- Шымкентте Нұрайдың өлімі бойынша іс прокуратураға өтті, отбасы тергеу қорытындысымен келіспейді
- «Ақ жол» партиясы Құрылтайға 63 кандидат ұсынды
- Бекет ата мешітіне зияратқа аттанып, хабарсыз кеткен үш адам табылды
- Бір күнде 26 су басу жағдайы: Алматы әкімдігі жаңбыр салдарын жоюмен белсенді күресіп жатыр
- Маңғыстауда Бекет ата жерасты мешітіне зиярат етуге кеткен үш адам ізім-ғайым жоғалып кетті
- 17 жастағы Алдияр Аңсат жаңа гроссмейстер атанды
- ҚМДБ Қазақстанның бас мешітіне «Нұрсұлтан мешіті» атауын берді
- ӘЧ-2026: Марокко құрамасы Канаданы жеңіп, ширек финалға шыққан алғашқы команда атанды
- АҚШ пен Иран 11 шілдеде Пәкістанда тағы да бітім тақырыбын қарастырады
- Президент Қазақстан халқын Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады
- Қытай көліктері қымбаттады: ZEEKR құны Cadillac және Lincoln-мен бірдей болды
- Еуропадағы рекордтық ыстық Швейцария мұздықтарын ерітіп жатыр
- Алматының Төле би көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды
- Қарағандыда екі «әлеуметтік қызметкер» 94 жастағы кейуананың миллион теңгесін үптеп кеткен
- Тоқаев Трампты АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады
- Қазақстан делегациясы Ирандағы аятолла Хаменеимен қоштасу рәсіміне қатысты
- Адам өліміне әкелген жарылыстан кейін «Қазмырышқа» миллиондаған айыппұл салынды
- Елімізде Домбыра күніне орай екі мыңнан астам іс-шара өтеді
- Астанада ірі өрт шығып, көліктер мен жанар-жағармай қоймасы өртенді