Гүлмира Сатыбалдының ұрланған ақшасы қайда жұмсалғаны белгілі болды
Фото: Литер
Шымкент қаласының шенеуніктері мен Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды ұрлады деген күдікке ілінген 747 млн теңге Ұлттық қор бюджетінен алынды.
PROTENGE telegram арнасының хабарлауынша, басылым авторлары шымкенттік келісім-шартты зерттеп, тергеуге себеп болғанын және бірқатар жайттарды анықтағанын алға тартты.
Еске салсақ, 30 наурызда Антикор Гүлмира Сатыбалды «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ және «Ария-Жаңа Астана» ЖШС лауазымды тұлғаларымен бірлесіп, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. 2021 жылы іс жүзінде аяқталмаған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін 747 млн теңге төленген.
Мақалада мемлекеттік сатып алу порталында іс бойынша жауапкерлерді байланыстырып, 10,2 млрд теңгеге бір ғана келісімшарт бар екені айтылды. Оған 2018 жылы қол қойылған.
Гүлмира Сатыбалды «Ариа-Жаңа Астана» ЖШС-мен байланысты. Белгілі болғандай, серіктестік жоспар бойынша Шымкент қаласындағы Қонаев көшесін жалғастырып, Түркістан облысындағы Бадам өзені арқылы өтетін жолды салуды өз мойнына алған.
Порталдың хабарлауынша, компания мен Басқарма арасындағы келісім 2018 жылы жасалған, бірақ ақшаның бірінші траншын тек 2020 жылы төлеген. Мердігер 200 млн теңгеге жуық қаражат алғаны хабарланды.
Сатыбалды мен шымкенттік шенеуніктердің ұрлады деген күдікке ілінген 747 млн теңгесі елдің Ұлттық қорынан мақсатты трансферт арқылы алынып, өткен жылдың 27 желтоқсанында «Ария-Жаңа Астана» мекемесіне аударылған.
17 наурызда Гүлмира Сатыбалды бизнесті басып алды деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
13 наурызда Антикор оның бұрынғы күйеуі, олигарх және Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының ұсталғаны туралы хабарлады. Департамент «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру фактілері бойынша істі тергеп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық