Гүлдананың өлімі: экс-күйеуі 18 жылға, оның досы үш жылға сотталды
Денесі Шу өзенінің бойынан табылған Гүлдана Санақбайды өліміне күдікті деп танылған экс-күйеуі Берік Қалқан 18 жыл бас бостандығынан айрылды. Қылмыс болған кезде көлікті басқарған күдіктінің досы да бүгін сот залынан абақтыға кетті. Ол сот залынан қамауға алынып, үш жылға сотталды.
Сонымен қатар, сот Берік Қалқан мен жолдасына қайтыс болған Гүлдана Санақбайдың анасына 10 миллион теңге өтемақы төлеуді міндеттеді. Берік Қалқан 8 миллион теңгесін екінші айыпталушы 2 миллион теңгесін өтеуі керек.
Не болды?
2021 жылдың 11 ақпан күні Гүлдана Алматы қаласына емделуге жолға шығып, сол бойы хабарсыз кеткен. Жамбыл облысы, Шу ауданының тұрғыны Гүлдана Санақбайдың жоғалып кетуі елді дүрліктіріп, оны іздеуге әйелдің туыстары, полицейлер мен еріктілер қосылды. Соңында әйелдің мәйітін Шу өзенінің бойынан тапқан. Оның өліміне кінәлі делінген екі күдікті сол сәтте-ақ ұсталған. Күдікті ретінде күйеуі Берік Қалқан мен қылмысқа қатысы бар автокөлік жүргізушісі қамауға алынды.
Исламбек Дастан, Жамбыл облысы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық