Футбол жанкүйерлері президенттікке кандидаттарын тіркеуге қол жинай алмады
Қоғамдық бірлестік ұсынған Бақыт Жаңабаев небәрі төрт мың қол жинаған.
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстандық футбол жанкүйерлер лигасы» қоғамдық бірлестігі ұсынған Бақыт Жаңабаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартты.
Бақыт Жаңабаевты қолдау үшін Қазақстанның 15 өңірінде 58 889 қол жиналды, оның 4054-і ғана сенімді болып шықты. Қолдардың қажетті саны туралы конституциялық талап орындалмады.
ОСК талаптарына сәйкес кандидат тіркелу үшін кемінде 118 273 қол жинауы керек еді.
11 қазанда «Қазақстандық футбол жанкүйерлер лигасы» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік қызметкер Бақыт Жаңабаевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде ұсынды. Кандидат Орталық сайлау комиссиясына тіркелу үшін қажетті құжаттар топтамасын тапсырды.
Бақыт Жаңабаевтың айтуынша, 2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Қазір үміткер ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкері.
21 қазан, 18.15-тегі жағдай бойынша, елімізде ресми түрде алты үміткер тіркелген: Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен, Қасым-Жомарт Тоқаев, Қарақат Әбден, Салтанат Тұрсынбекова, Нұрлан Әуесбаев.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық