Футзалдан Қазақстан құрамасында ойнайтын Жомарт Тоқаев кім?
Фото: kazfootball.kz
Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасының Еуро-2022-дегі алғашқы ойынында әдемі әрі аса маңызды гол соқты.
Тоқаев кейінгі жылдары көзге түсе бастады. Аягөзден Алматы энергетикалық колледжіне, одан «Жетісу» командасына, одан кейін Қазақстан құрамасына шақырту алды.
Еске салайық, ұлттық құраманың қазіргі жұлдыздары – Дәурен Тұрсағұлов пен Біржан Оразов та мансабында осындай сатылардан өткен. Бірақ Жомарт қазақстандық футзалдың флагманы – «Қайратқа» әлі жеткен жоқ, оның кандидатурасы қазір алматылық клубта қарастырылып жатқан жоқ.
Жомарттың өзі де мойындағандай, жұрт оған ең алдымен ел президентімен туыстық байланысы туралы сұрайды. Бірақ шын мәнінде, Жомарт жай ғана аттас.
– Барлығы біздің президенттің есімі мен тегінің сәйкес келуіне үнемі назар аударады. Мен үйреніп қалдым. Бала кезімде бір қызық оқиға болды. Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр болып тұрғанда, олар мені кезек күтпестен ауруханаға жатқызды, - деді ойыншы бұған дейін NewTimes.kz сайтына берген сұхбатында.
Тоқаевтың ойыны Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар құрамын да елең еткізді. Жомарт ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын өткен жылдың сәуір айында Еуро-2022 іріктеу кезеңінде Израильге қарсы ойында өткізген болатын. Ойыншы бірден өзін көрсете білді – екі кездесуде екі гол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық