Футболдан Қазақстан құрамасы Тәжікстан құрамасын жеңді

cover

16 қарашада Нұр-Сұлтанда өткен жолдастық кездесуде футболдан Қазақстан құрамасы Тәжікстан құрамасын жеңді.

«Астана Арена» стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды Қазақстан құрамасы мен ресейлік ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов соқты.

Vesti.kz мәліметінше, Қазақстан құрамасы 15 ойындық жеңіссіз сериясын үзіп, бір жылдан астам уақыт өткенде алғаш рет жеңіске жетті. Ұлттық құрама соңғы рет 2020 жылдың 4 қыркүйегінде Ұлттар лигасында Литваға қарсы ойында (3:1) жеңіске жеткен болатын.

Бұған дейінгі 15 кездесуде қазақстандықтар он мәрте жеңіліске ұшырап, бес рет тең түскен. Үш күн бұрын Талғат Байсуфинов шәкірттері 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Франциядан 0:8 есебімен жеңіліп қалды, бұл ұлттық құрама тарихындағы ең ірі жеңіліс болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар