Футбол федерациясының бұрынғы басшылығы қомақты қаражат жымқырған
Фото: freepik.com
Қазақстан футболында бұрынғы федерация басшылығы кезінде жасалған қылмыстар әшкереленді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстанның футбол федерациясы мен бірнеше футбол клубтарына жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижесінде 3 млрд теңге көлемінде қаржылық заң бұзушылықтар анықталды. Федерация негізсіз сыйақы төлеп, инфрақұрылым нысандарын салу кезінде қаражатты мақсатсыз пайдаланған. Сонымен қатар спортшылармен жасалған күмәнді келісімдер мен спортшыларды тамақтандыруға бөлінген қаржыны жымқыру фактілері анықталды.
«Федерацияның бұрынғы басшылығы жекелеген қызметкерлер мен спортшыларға 300 миллион теңгеден астам негізсіз сыйақы төлеген. Федерацияның әкімшілік ғимараты мен Талғар қаласындағы жаттығу базасын салу барысында іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға 350 млн теңгеден аса төлем жасалған», деп хабарлады Бас прокуратура.
«Ордабасы», «Ақтөбе» және «Жетісу» футбол клубтарындағы тексерулер де келісімшарт қаржысын асырып көрсету, ойыншыларды төмен бағамен сату, жоғары бағамен сатып алу және қаражат жымқыру сияқты бірқатар елеулі бұзушылықтар анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Жаңалықтар
- Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?