Футбол добының орнына кірпі: Ақтөбеде жігіттерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: KazTag
Ақтөбеде футбол добының орнына кірпіні тепкен жігіттерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz порталы ҚазТАГ-қа сілтей отырып.
«Адамдар анықталды, бірақ әлі полиция бөліміне жеткізілген жоқ. Жануарларға қатыгездік көрсету бойынша қылмыстық іс қозғалады», - деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Әлеуметтік желіде футбол ойнап жүрген жас балалардың видеосы тарап кетті. Олар доптың орнына, тірі немесе өліп қалған кірпімен ойнаған.
Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік белгіленген. Қылмыстық кодекске сәйкес, жануарды кескілегені үшін айыппұл немесе түзеу жұмыстарына немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынады. Жануарды өлтіргені үшін – бас бостандығынан айыруға және бас бостандығын шектеуге дейін қарастырылған.
16 мамыр күні кешкісін қылмыстық істің тіркелгені белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Зеренді ауданындағы «Аманат» партиясының депутаты Қайрат Ауғалиевке итті ұрғаны үшін 18 мың теңге айыппұл салынған болатын. Ит өліп қалған.
Биылғы жылдың наурыз айында Павлодарда мысыққа сірке суын шашқаны үшін әйелге 86 мың теңге айыппұл салынды. Мысық аман қалды. Бұл қылмыстық құқық бұзушылық деп саналды.
Бұған дейін 2023 жылы марғауды еден жуатын таяқпен ұрып өлтіргені үшін Ақтау тұрғыны 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылса, 2022 жылы тағы бір жас жігіт жарты жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық