Футбол алаңында қаза болған полицейдің әйелі полициядан 14 млн теңге өндіріп алды
Фото: Polisia.kz
Түркістан облысында сот полиция департаментін спорттық жарыс кезінде қаза тапқан полицейдің жесір қалған әйеліне өтемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот 2024 жылдың соңында аяқталғанымен, бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі бүгін ғана хабарлады.
Полиция капитаны Ержан Түлешов 2022 жылдың 6 қазанында Жетісай қаласында өткен футбол ойыны кезінде қайтыс болған. Ойын барысында оның жүрегі тоқтап қалған.
Облыстық полиция департаменті бірден жауапкершіліктен бас тартты. Полицейдің қазасына байланысты қылмыстық іс тоқтатылып, адам қызмет бабында емес, футбол ойнау кезінде қайтыс болды деген уәжбен отбасына өтемақы төлеуден бас тартылды. Алайда марқұм Түлешовтің әйелі сотқа жүгінді. Сотта ол күйеуі көз жұмған спорттық турнир полицейлердің қызметтік дене дайындығы ретінде есептелетінін дәлелдеді. Бұл жарысты өткізу туралы бұйрыққа Жетісай аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Сапарбеков қол қойған.
Қаза болған полицейдің басшылығы сотта соңына дейін қарсыласқан. Олар Ержан Түлешовтің отбасына 14 миллион теңге өтемақы төлеуден бас тартқысы келген.
«Сот Е.Т.Түлешовтің спорттық шараға қатысуы оның қызметтік міндетін орындау аясында болған деген қорытындыға келді. Сондықтан талап қоюшының талабы қанағаттандырылуы тиіс. Өлім қызметтік міндетін орындау кезінде болған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы №1301 қаулысына және "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңның 66-бабына сәйкес, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкердің мұрагерлеріне 60 лауазымдық жалақы көлемінде біржолғы өтемақы төленуі тиіс» деп жазылған сот шешімінде.
Полиция капитаны Түлешовтің соңғы айлық жалақысы 247 242 теңге болған. Демек, өтемақы сомасы мынадай есеппен шықты: 247 242 × 60 = 14 834 520 теңге. Түркістан облысы полиция департаменті сот шешіміне шағым түсірмеді. Үкім заңды күшіне енді.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Ержан Түлешов — 2008 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет етіп, осы уақыт ішінде түрлі мемлекеттік наградалармен марапатталған. Артында төрт баласы қалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық