ФСБ ҰҚК экс-төрағасы Шабдарбаевтың ұлын «терористік акт» жасады деп айыптады
Ресейлік ФСБ (Федералды қауіпсіздік қызметі) ҰҚК экс-төрағасы Амангелді Шабдарбаевтың ұлы Арлан Шабдарбаевты «терористік акт» жасады деп айыптады.
Бұл туралы Nege.kz telegram-арнасы хабарлады.
«ҚазМұнайГаз»(QazaqGaz - Ред.) ұлттық компаниясының жекелеген кәсіпкерлерінің арқасында еліміз халықаралық жанжалға тап болып, тіпті Ресей тарапының Қазақстанды тағы да ауыр кінәлауына негіз болады» делінген хабарламада.
Арна жариялаған құжаттарға сәйкес, Украинаға қазақстандық мұнайды сату схемасын көруге болады. Бұл схема QazaqGaz-дың Румыниядағы еншілес кәсіпорны Rompetrol арқылы көрсетілген. Қазір бұл құрылымды KMG International басқарады.
Бұл Ресей Федерациясының арнайы қызметінің құжаттарында оқиғаға қатысты менеджерлердің аты-жөндері де көрсетілген. Олар – Жасұлан Сейдахметов, Жанғұлов және Арлан Шабдарбаев. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Амангелді Шабдарбаевтың ұлы Арлан Шабдарбаевтың QazaqGaz жүйесінде ұзақ уақыт жұмыс істегені белгілі. Қазақстандық шенеуніктерге Ресей Федерациясы қылмыстық кодексінің «террорлық акт» және «қылмыстық қоғамдастық құру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ресей ФСБ тергеу басқармасы бастығының орынбасары Михаил Савицкийдің қолы қойылған құжатта Шабдарбаев пен Жанғұловтың қылмыстық істері ашылғаны туралы көрсетілген.
«Ресей ФСБ тергеу басқармасы РФ ҚІЖК 144, 145-баптарына сәйкес, азаматтар А.А. Шардарбаев пен А.А. Жанғұловтың қылмысы туралы сіздің өтінішіңізді тексерді.
2022 жылғы 8 маусымда тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарылды.
Сіз қабылдаған процессуалдық шешіммен келіспеген жағдайда - тергеу органының басшысына, прокурорға немесе сотқа, Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 124 немесе 125-баптарында белгіленген тәртіппен шағымдана аласыз.
Қосымша: 2022 жылғы 8 маусымнан бастап қылмыстық іс қозғау туралы қаулының көшірмесі, 4 парақта, құпия» делінген құжатта.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық