Француздар Қазақстанда АЭС салуға қызығушылық танытып отыр
Фото: Pixabay
«Самұрық-Қазына» АҚ Мемлекеттік ұлттық әл-ауқат қорының басшылары мен француздық Orano компаниясы Қазақстандағы атом саласын дамыту мәселесін талқылады.
Кездесу кезінде Франция тарапы Қазақстанда таза энергия көзі ретінде атом электр стансасын салу жоспарына үлкен қызығушылық танытқан.
«Қазір бұл бастама пысықталып жатыр, түпкілікті шешім әлі қабылданады. Қалай болғанда да, біз энергия көздерін әртараптандырып, теңгерімді энергетика құруымыз керек, яғни тек атомды ғана емес, газды да, сонымен қатар жаңартылатын генерацияны да дамытуымыз керек» деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.
Келіссөздердің негізгі тақырыбы Қазақстанның оңтүстігінде уран өндіретін KATCO бірлескен қазақстандық-француз кәсіпорнының жұмысы болды. Тараптар цифрландыруды көбірек енгізу және шешім қабылдау процесін жеңілдету қажеттігін атап өтті.
KATCO өнеркәсіптік нысандарын пайдалану үшін Orano өңірде энергия сақтау жүйесімен жабдықталған, «Самұрық-Қазына» АҚ төмен көміртекті дамуға көшу жоспарларына толық сәйкес келетін 12 МВт күн электр стансасын салуды ұсынды.
Сонымен қатар, тараптар күкірт қышқылын өндіру жобасын жүзеге асыру перспективаларын, Orano-ның шетелдік жобаларына бірлескен инвестиция тарту мүмкіндіктерін талқылады.
Orano (бұрынғы Areva) — француз трансұлттық корпорациясы, ядролық отын өндірісі бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. «КАТКО» БК» ЖШС – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ («Самұрық-Қазына» АҚ құрамына кіреді) және «ORANO Mining» АҚ бірлескен кәсіпорны. КАТКО Түркістан облысындағы Мойынқұм кен орнында уран өндіреді. Ол әлемдегі ең ірі уран өндіруші кәсіпорындардың бірі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық