Францияда «ПСЖ» жеңісінен кейінгі тәртіпсіздік белең алып, жүздеген көлік өртенді, екі адам қаза тапты, 190 адам жараланды
Фото: LOU BENOIST/AFP via Getty Images
Францияда Чемпиондар лигасындағы «ПСЖ» жеңісін атап өту кезінде болған тәртіпсіздіктер салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz Le Figaro басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, ел бойынша тәртіпсіздіктерге байланысты ұсталғандар саны 559 адамға жетті, оның 490-нан астамы Парижде ұсталған.
Жалпы тәртіпсіздіктерден 190-ға жуық адам зардап шеккен, олардың ішінде 22 полиция қызметкері мен жеті өрт сөндіруші бар. 692 өрт қою оқиғасы тіркелді, оның ішінде 264-і көлік құралдарына қатысты.
Сондай-ақ басылым екі адамның қаза тапқаны туралы жазады. БАҚ мәліметінше, Парижде мотоцикл мінген әйелді мереке кезінде көлік қағып көз жұмған. Ал Дакс қаласында тәртіпсіздіктер кезінде 17 жастағы жасөспірімді пышақтап кеткен.
Полицияның хабарлауынша, тәртіпсіздікке қатысушылар тәртіп сақшыларына тас лақтырған, сондықтан полиция жарық-шу гранаталарын қолдануға мәжбүр болған.
Лорьян қаласында тәртіп бұзушылар дүкендерді тонауға кіріскен, ал Нантта топ автобуска шабуыл жасаған. Полиция шабуыл жасағандардың барлығын жедел ұстады.
Еске сала кетсек, өткен түні Францияның «Пари Сен-Жермен» коммандосы Чемпиондар лигасының финалында Италияның «Интер» клубын 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл — Чемпиондар лигасы финалындағы ең ірі жеңіс.
Париждік клуб тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасын ұтты. Бұған дейін астана командасы финалда тек 2020 жылы өнер көрсетіп, Германияның «Бавариясынан» жеңілген болатын.
Осыдан кейін Франция бойынша мыңдаған жанкүйерлер «ПСЖ» жеңісін тойлау үшін көшеге шықты, елді тәртіпсіздік жайлады. Автокөліктер жанкүйерлер тобына соғылып, ондаған адамның жарақат алғаны хабарланған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық