Францияда Гиме мұражайында «Қазақ даласы өркениетінің мәдени коды» көрмесі өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Францияға жұмыс сапары аясында Гиме мұражайының президенті Янник Линцпен кездесті, деп хабарлады Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Аида Балаева Қазақстан-Франция қарым-қатынасы Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макронның өзара сапарлары дамуға жаңа серпін бергенін атап өтті.
Франция Президентінің Астанаға сапары аясында Гиме атындағы Шығыс өнері мұражайында Қазақстанның тарихи мұраларының көрмесін өткізу туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді.
Аида Балаева мен Янник Линц ауқымды шараның жай-жапсарын талқылады.
Әлемге әйгілі Гиме мұражайында Азия өнерінің әлемдегі ең толық және Еуропадағы ең үлкен коллекциясы бар.
Мұражай президенті қоймаларда Қазақстаннан алынған бірнеше жәдігер бар екенін, алайда жұртшылықтың қызығушылығын ескере отырып, музей қазақ мәдениеті мен тарихын сипаттайтын маңызды жәдігерлерді көбірек ұсынғысы келетінін айтты.
«Мұнда Еуропада, әсіресе Францияда Ұлы Жібек жолының бір бөлігі болған дүниежүзі аймағының маңызын қазір көп адамдар түсінеді. Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстік арасында мәдениеттердің қалай болғанын да түсінеміз. Қазіргі әлемде мәдениеттер тоғысын көрсете білу өте маңызды. Қазақстанның ұлы дүниежүзілік тарихпен байланысы туралы айту керек», – деді Янник Линц
.
Өз кезегінде Мәдениет министрі «Қазақ даласы өркениетінің мәдени коды» ұлттық көрмесінің экспозициясында тарих пен мәдениет үшін маңызы зор және бұрын шетелдік көрермендерге ұсынылмаған жәдігерлер қойылатынына уәде берді.
«Әрине, көрме еліміздің бай және қайталанбас мәдени мұрасын көрсетіп, мемлекеттер арасындағы достық байланыстарды нығайтады», - деп атап өтті Аида Балаева.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық