Францияда екпе салдырмаған қызметкерлер жұмыстан қуылды
Францияда коронавирусқа қарсы екпе салдырмаған үш мыңға жуық медицина қызметкері жұмыстан шеттетілді.
Үкіметтің дәрігерлер үшін міндетті екпе салдыру туралы өкімі бірнеше апта бұрын жарияланған. Алайда көпшілік биліктің бұл сөзін аса ерен санамаса керек. Ондай қатаң шара қолданылатынына сенімсіздік болған. Жаппай шеттетілуден кейін кәсіподақтар кадр тапшылығын айтуда. Билік жағдай бақылауда деп сендіргенімен кейбір ауруханаларда шұғыл шаралар қабылдауға тура келіпті.
— Біз бөлімшелердің секцияларын жабамыз, штаттан тыс қызметкерлерді тартамыз, медицина қызметкерлерінен артық жұмыс істеуді сұраймыз, – дейді жергілікті емхана өкілі.
Үш мың медицина қызметкерінің келісімшартын уақытша тоқтату – бұл жалпы Еуропа үшін бұрын-соңды болмаған «өрескел» жағдай.
Бұған дейін Францияда вакцина салдыруға қарсы наразы топқа шабуыл жасалғанын естеріңізге саламыз. Тулуза қаласында «вакциналау паспорты керек емес» деген наразы топ екпе салдырғандардың қарсылығына тап болып, соққыға жығылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық