Франция лаңкестік қаупінің ең жоғары деңгейін енгізді
Өткен аптаның соңынан бері елде палестиналық-израильдік қақтығысқа байланысты наразылық шерулері өтіп жатыр.
Франция Таяу Шығыстағы оқиғаларға байланысты «төтенше шабуыл» дабылы – лаңкестік қауіп-қатердің ең жоғары деңгейін жариялады, деп хабарлайды Franceinfo.
13 қазанда пышақпен қаруланған 20 жастағы Кавказ тумасы Францияның солтүстігіндегі Гамбетта лицейіне басып кірген. «Аллаһу әкбар» деп айғайлап, мұғалімді өлтіріп, үш адамды жаралады. Шабуылдаушы мен оның бірнеше туыстары ұсталды.
Ішкі істер министрі Джералд Дарманин: «Біздің ақпаратымыз бойынша, Таяу Шығыста болған оқиға мен бұл әрекеттің арасында байланыс бар екені сөзсіз», - деді.
«Шабуыл Израильдің оңтүстігіндегі Хамас шабуылына және екі жақтан жүздеген бейбіт тұрғынның өмірін қиған Израильдің әскери әрекетіне байланысты әлем бойынша шиеленістің күшеюі тұсында жасалды» деп хабарлайды France24.
Израильдің Газа секторын қарқынды бомбалауына байланысты мұсылман елдерінде жаппай наразылық шерулеріне шақырулар болды.
Францияда өткен аптаның соңынан бері Палестинаға қолдау көрсету шерулері өтіп жатыр. Бір күн бұрын елдің ішкі істер министрі Джеральд Дарманин қоғамдық тәртіпті бұзуға байланысты Палестинаны қолдайтын кез келген шерулерге тыйым салған болатын.
Сонымен бірге Францияның әртүрлі қалаларында жергілікті билік Израильді қолдайтын шерулерге рұқсат берді.
Франция әлемдегі еврей халқының саны бойынша Израиль мен АҚШ-тан кейін үшінші орында және Батыс Еуропадағы ең көп мұсылман халқына ие.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық