ForteBank-тің басқарма төрағасы орнынан кетті
Фото: ForteBank
ForteBank АҚ басқарма төрағасы Бекжан Пірматов қызметінен кетіп, орнына Талғат Қуанышев келді деп хабарлайды Orda.kz.
«Оның басшылығымен 2,5 жыл ішінде ForteBank нарықтағы позициясын нығайтты. Атап айтқанда, несие портфелі 2 еседен астам ұлғайып, халықаралық рейтингтер біртіндеп өсіп отырды. Forte өз универсалды моделін сақтап, бөлшек бизнесті ғана емес, сондай-ақ ШОБ және корпоративтік бизнес сегменттерінде де қарқынды дамып келеді» делінген банк түсіндірмесінде.
Айта кетейік, Бекжан Пірматов – бұрынғы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың інісі. Ал Қуанышев бұған дейін банк директорлар кеңесінің мүшесі болған. Оның қаржы саласында отыз жылдық тәжірибесі бар, сондай-ақ ATF Bank, ForteBank, Kassa Nova Банкі және ATF Лизинг сияқты қаржы институттарын табысты басқарды.
ForteBank активтерінің көлемі бойынша еліміздегі 4-ші коммерциялық банк. Клиенттік база 100 мыңға жуық заңды тұлғаны және миллионға жуық белсенді бөлшек клиентті қамтиды.
Жаңалықтар
- Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітім жарияланды — Трамп
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысады
- Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті
- Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Дениздің есірткі қолданғаны белгілі болды
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
- Қазақстанда цифрландыру мен AI жылы: Тоқаевтың мәлімдемесі
- Алматыға Enrique Iglesias пен Deep Purple келеді: Ал Eminem мен Shakira ше?
- Құпия жерде бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
- Мектептерде мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі
- Алматы қаласында алып ағаш құлап, көшені жауып қалды
- Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті
- Роза Рымбаева екі ұлынан бөлек тағы екі қызының бар екенін мәлімдеді
- Иранда барлық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
- Қостанайда блогер қатысқан төбелес: Полиция қылмыстық іс қозғады
- 44 градусқа дейін күн ысиды: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
- «Атырауға көп ақшамен барады»: Ұзату жайлы жазба желіні дүр сілкіндірді
- Құрамында ветеринар дәрігерлер де бар: Ұзақ уақыт бойы мал ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды
- Оқиға орнында қаза тапты: Әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тауып, екіншісі жараланды