«Forbes тізімі»: Елдегі ең беделді 25 әйел
Коллаж Orda.kz
Forbes Woman Kazakhstan алғаш рет ең беделді әйелдердің рейтингін жариялады. Бұл тізімге экономика, саясат және азаматтық қоғам салаларындағы 110 ең танымал және беделді әйелдер кірді. Олардың ішінен зерттеу тобы 42 әйелді таңдап алып, оларды алты балдық шкала бойынша бағалады. Соңғы тізімге 25 ең беделді әйел енді.
Оrda.kz ықпалды әйелдердің есімдерін қарап шықты. Біз де оқырмандарымызға бүгінгі таңда ең көп ықпал ететін, беделді әйелдер туралы ақпарат ұсынамыз.
Әуелі бұл рейтингтің «журналистік бағалау ғана екенін және ресми құжат ретінде қолдануға болмайтынын» атап өткен жөн шығар.
Рейтингті Қазақстан Халық Банкі басқармасының төрайымы және директорлар кеңесінің мүшесі Үміт Шаяхметова бастады. Ол бұл банктің басшысы болып 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Үштікте Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова және премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова тұр.
Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева рейтингте төртінші орынды тұр. Бесінші орынды «Отбасы банк» басқармасының төрайымы және директорлар кеңесінің мүшесі Ләззат Ибрагимова алды.
Қоғамдық пікір көшбасшыларының ондығына әйгілі қоғам қайраткері Аружан Сайын және құқық қорғаушы Динара Смайылова алды. Оны жұрт Дина Таңсәрі ретінде таниды.
Қайырымдылық жасаушылар арасында Forbes тізімінде сегізінші орында «Сәби» қайырымдылық қорының негізін қалаушысы және президенті, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының, Каспий тюленьдерін зерттеу және реабилитациялау орталығының құрылтайшысы, Иманғали Тасмағамбетовтың үлкен қызы Әсел Тасмағамбетова тұр.
Оныншы орынды Ұлттық банктің орынбасары Әлия Молдабекова мен «Қазақстандағы парламенттік даму қоры» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы және жетекшісі Зәуреш Батталова алды.
Ықпалды әйелдер тізіміне журналдың мұқабасында суреті орналасқан Жанна Оразбақова да кірді.
13-орында Orda.kz редакциясының бас редакторы Гүлнәр Бажкенова тұр.
Рейтингтегі ең назар аудартарлық тұлғалардың бірі — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әпкесі Карлыға Ізбастина. Ол 17-орында әкесінің атындағы қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы ретінде көрсетілген. Бұған дейін ол бизнеспен айналысып, Meerbusch Kazakhstan мұнай өндіру компаниясы мен Tungsen & Molybdenum Company геологиялық барлау компаниясының иесі болған.
19-орында Алматы әкімінің жұбайы — «Дара» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Гүлнәр Досаева тұр. Бір жыл бұрын Қазақстан БАҚ-тары Алматы әкімінің жұбайы әкім қызметіне кіріскеннен кейін бір жылдан астам уақыт бойы оңтүстік астанада сыртқы жарнамамен айналысатын кәсіпорынның тең құрылтайшысы болғанын жазған еді.
Айта кетерлігі, басылым бірінші президенттің қызы мен басқа да туыстарын назардан тыс қалдырыпты.
Forbes Woman Kazakhstan нұсқасы бойынша 25 ең ықпалды әйел:
1. Үміт Шаяхметова
2. Мәдина Әбілқасымова
3. Тамара Дүйсенова
4. Аида Балаева
5. Ләззат Ибрагимова
6. Аружан Сайын
7. Динара Смайылова
8. Әсел Тасмағамбетова
9. Әлия Молдабекова
10. Зәуреш Батталова
11. Алина Алдамберген
12. Жанна Оразбақова
13. Гүлнәр Бажкенова
14. Анар Рахымбаева
15. Наталья Годунова
16. Күнсұлу Закарья
17. Қарлыға Ізбастина
18. Әсел Жанасова
19. Гүлнәр Досаева
20. Бақытжан Төреғожина
21. Эльвира Әзімова
22. Әсель Мұқажанова
23. Раушан Қажибаева
24. Анар Фазылжанова
25. Самал Ибраева
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты