Flydubai Қазақстанға, Ресейге және бірқатар елдерге ұшуларды тоқтатты
Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік әуе компаниясы Flydubai бірқатар бағыттар бойынша, оның ішінде ТМД елдеріне ұшуларды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс себеп болды.
«Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Иран, Ирак, Израиль, Иордания, Қазақстан, Қырғызстан, Ливан, Ресей, Сирия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдеріне 13 және 14 маусым күндеріне жоспарланған рейстер тоқтатылды» деп жазылған хабарламада.
Компанияның баспасөз қызметі жағдайды мұқият бақылап отырғандарын және рейстер кестесін соған сәйкес реттеп отырғандарын атап өтті.
«Біз жолаушыларымызға келтірілген кез келген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз», – деді Flydubai өкілі.
Бұған дейін екі қазақстандық әуе компаниясы жолаушыларды Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып ұшу және ұшу мен қону уақытының өзгеруі мүмкін екендігі туралы ескерткен болатын.
2025 жылғы 13 маусым күні таңертең Израиль Иранның ядролық және әскери инфрақұрылымына соққы жасады. Шабуыл салдарынан Иран Ислам революциясы күзет корпусы (КСИР) Бас штабының бастығы Хоссейн Салами және Азад Ислам университетінің президенті Мохаммад Техранчи қаза тапты.
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан Республикасының Израильдегі елшілігі Израиль аумағындағы қазақстандықтарға арналған шұғыл хабарлама жариялады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық