FlyArystan жолаушыға мугедектер арбасын алып өтуге рұқсат бермеген
Рейс те үш жарым сағатқа кешікті.
FlyArystan қызметкерлері мүгедек жолаушыны арбасына отырғызуға рұқсат бермеген. Бұл туралы Facebook желісінде жолаушы Нияз Сүндетәлиевтің өзі жазды.
«29 тамызда Алматы әуежайында FlyArystan әуе компаниясы қызметкерлері менің мүгедектік арбамды бортқа алдырмай қойды. Біз 23.05-те ұшып шығуымыз керек еді, бірақ рейс еш себепсіз кешіктірілді, біз тек 02.35-те ұштық. Жүкті тексеру кезінде әуе компаниясының қызметкерін шақырдық. Ол арбаны ұшаққа кіргізбейтінін, өйткені мен арбаны өшіріп, басқару пульттерін өзім ажыратуым керек екенін айтты. Бірақ мен бұл талапты қалай орындаймын? Менің саусақтарым жұмыс істемейді» деп жазды жолаушы.
Нияз Сүндетәлиевтің айтуынша, ол 26 тамызда Қарағандыдан Алматыға дәл сол арбамен сол әуе компаниясымен еш қиындықсыз ұшып келген.
«Жарты сағат бойы олар менің арбамды не істеу керектігін ойланды. Осы уақыт бойы маған өзім үшін мүлдем жарамсыз, бас тірегі жоқ, арқасы қатты және жұмсақ орындығы жоқ мүгедектер арбасында отыруға тура келді. Мен сал болып қалдым, арқамды ұстай алмаймын. Мен бірінші топтағы мүгедекпін, кез келген мүгедектер арбасын қолдануға мүлдем болмайды. Маған тек мамандандырылған мүгедектер арбасы ғана жарайды, онда қауіпсіз пайдалануға арналған барлық құрылғылары бар. Осы уақыт бойы мен денсаулығым мен өміріме қауіп төндіріп, мүгедектер арбасында бүгілген күйде отырдым» дейді жолаушы.
Ол алдын ала бес күн бұрын әуе компаниясы арқылы екі рейс жасайтынын, мүгедектер арбасын пайдаланатынын және ұшу кезінде оған көмек қажет болатынын ескерткен.
«Әуе компаниясы мұның бәрін ескерді, бірақ... соңында мен Қарағандыға ұшып кеттім, арба Алматыда тіркеу үстелінде қалды. Қазір мен үйдемін, бірақ қозғалуға мүмкіндігім жоқ. Адамдармен өз бетімше араласуға, таза ауа жұту үшін сыртқа шыға алмаймын. Алдағы кездесулердің барлығын тоқтатуға тура келді. Ал FlyArystan компаниясының ешқайсысын менің арбасыз Қарағанды әуежайынан үйге қалай жететіндігім алаңдатқан жоқ» деп жазды Нияз Сүндетәлиев.

FlyArystan баспасөз қызметі авиакомпания арбаны тасымалдаудан бас тартпағанын хабарлады, өйткені брондау кезінде жолаушының ерекше қажеттіліктері көрсетілген.
«Алайда, тасымалдау ережелеріне сәйкес, авиакомпания қызметкерлері арбаны өшіріп, басқару пульттерін ажырата алмайды - жолаушылар мұны өз бетінше атқарады, бұл туралы қызметкерлер хабарлап, барлығын ережеге сәйкес жасауды сұрады. Өкінішке қарай, жолаушы одан бас тартты. Басқару пульті ажыратылмады, сондықтан оның арбасын қол жүгі ретінде тиеуге рұқсат етілмеді» деп түсіндірді баспасөз қызметі. Сонымен қатар жолаушылардан ұшу ережелерін сақтауды сұрады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық