FlyArystan мүмкіндігі шектеулі жолаушыдан кешірім сұрады
Әуе компаниясы жақын арада Алматыдан Қарағандыға мүгедектер арбасын жеткізіп бермек.
FlyArystan компаниясы мүгедек жолаушыдан арбасын бортқа кіргізбегені үшін кешірім сұрады. Бұл туралы Facebook желісінде жолаушы Нияз Сүндетәлиев жазған болатын.
«Әуе компаниясы өз кінәсін толығымен мойындап, кешірім сұрады. Қазір Алматыда қалған мүгедектер арбасы жақын арада Қарағандыға ұшақпен жеткізіледі. Мен ваучерден, сондай-ақ авиакомпания ұсынатын барлық нәрселерден бас тарттым. Маған ол маңызды емес. Маған маңыздысы - мүгедектерге әуежайда, ұшақ бортында әрқашан көмек көрсетілетініне және кез келген жағдайдың бір күнде емес, дәл сол жерде шешім болатыныны. Менің басымнан өткен жағдай өкінішке қарай, солай болды» деп атап өтті Нияз Сүндетәлиев.
Қарағанды тұрғыны бұл жағдайдан кейін әуе компаниясының қызметкерлері тиісті қорытынды шығаратынына және кез келген жағдайда адамдық танытатынына сенімді.
Әуе компаниясы қызметтік тексеру жүргізгенін және жолаушыдан кешірім сұрағанын жеткізді.
«Сондай-ақ қателік жіберген қызметкерге қосымша оқыту жүргізіледі деп сендіреміз. Жолаушыға арбаны Қарағандыға және тұрғылықты мекенжайына жөнелтуге міндетті түрде жан-жақты көмек көрсетіледі. FlyArystan мұндай қателіктердің алдын алу үшін барлық шараларды қабылдайды» делінген FlyArystan Facebook парақшасындағы түсініктемеде.
Бұған дейін Нияз Сүндетәлиев Алматы әуежайында FlyArystan қызметкерлерінің бортқа мүгедектер арбасына кіргізгісі келмейтіні туралы жазған болатын. Оның арбасы Алматыда қалып, өзі Қарағандыға келіп үйінен шыға алмай қалған. Әуе кемесінің бортында жолаушы жарамсыз мүгедектер арбасына отыруға мәжбүр болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық