Fly Arystan жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін жазалануы мүмкін
Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасы әуе компаниясын тексеріп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.
Жолаушылар балаларына халықаралық рейстерге билетті толық бағаға сатып алған болып шықты. Компания 2 жастан 12 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жолаушылар үшін арнайы 50% жеңілдіктерді қолданбаған.
2022 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 3 мыңнан астам кәмелетке толмаған балалар стандартты тарифтер бойынша халықаралық бағыттарға жеткізілді.
«Прокуратураның ұсынысы бойынша Азаматтық авиация комитеті авиакомпанияға қатысты ӘҚБтК-нің 571-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасады. Жиналған материалдар Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды» деп хабарлайды көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- Әл-Фарабидегі апат: Сот Пакты 10 жылға бас бостандығынан айырды
- Bloomberg — Ормуз бұғазы арқылы өтетін Иран мұнайы экспорты ең жоғары деңгейге жетті
- Ақтөбе облысында 102 адам мейрамханадағы астан уланып, ауруханаға түсті
- Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетті
- Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер қызметінен кететінін мәлімдеді
- Пак сотта соңғы сөзін айтты: «Саяси ықпалды тұлғаға қатысым жоқ»
- «Ақша үшін емес»: Томиристің анасы Пакты не үшін кешіргенін айтса, әкесі 100 млн теңге талап етті
- Кедендік рәсімдерді жеделдету үшін заңсыз делдалдық қызмет көрсететіндер ұсталды
- 368 млн теңгенің плиткасы: Павлодарда скверді жөндеу сметасынан күмәнді шығын шықты
- ІІМ дрон операторларын оқытып, әуеден әрекет етуге дайындайды
- Әл-Фарабидегі апат: Прокурор Пакқа 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Ақмола облысында 221 млн теңге табысқа кенелген заңсыз вейп саудасы тоқтатылды
- Нұрлан Өнербаевтың анасы дүниеден озды
- Қатарда зауытта жарылыс болып, 50-ден астам адам зардап шегіп,18 жұмысшы жоғалып кеткен
- Екі күнде 19 медаль: Еліміздің спортшылары халықаралық аренада шеберлігін дәлелдеді
- АҚШ пен Иран мәмілесі: 60 күн ішінде келісімге келу жоспары бекітілді
- Астана маңындағы жол апатынан екі жол талғамайтын көлік өртеніп, бес адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран бітімге келе қоймады: Трамптың қоқан-лоққысынан шаршаған Тегеран наразылық білдірді
- Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай әлем кубогында топ жарды
- Ақтөбеде қатты дауыл үйлердің шатырын ұшырып, жабындыларды жұлып алды