Fitch Ratings: Қаңтар оқиғалары Қазақстан экономикасына қатты әсер еткен жоқ
Халықаралық рейтингтік агенттік Қазақстанның тәуелсіз несие рейтингін «Тұрақты» болжамымен ВВВ деңгейінде растады.
Қазақстанның рейтингі қаңтар оқиғасынан кейін де Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігінің көрсеткіштері бойынша айтарлықтай тұрақты болып шықты. Бұл елде коронавирустық пандемия кезінде байқалған күшті фискалдық және сыртқы теңгерімдердің сақталуына байланысты. Агенттіктің қысқаша сараптамалық жазбасын Премьер-Министрдің сайты келтірді.
«Агенттік сарапшылары Қазақстанның мемлекеттік қарызы төмен деңгейде қалғанын, ал таза тәуелсіз активтер әлдеқайда жоғары екенін атап өтті. Оның үстіне Fitch болжамы бойынша Қазақстан орта мерзімді перспективада таза кредитор болып қала береді. Сарапшылардың болжамы бойынша, айырбас бағамының тұрақтылығы, кірістіліктің артуы, БЖЗҚ-дан жинақ ақшаны алудың азаюы инфляцияны төмендетуге ықпал етеді. Сонымен қатар, Fitch өз есебінде реттеу мен қадағалауды жетілдіру бойынша қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылдары банк секторының көрсеткіштерінің жақсарғанын атап өтті» делінген хабарламада.
Агенттік сарапшылары сондай-ақ NPL деңгейінің төмендеуін, банктердің өтімділігі мен табыстылығының жоғарылығын атап өтті. Олар қаңтар оқиғасы ел экономикасына ерекше әсер еткен жоқ дейді. Дегенмен, алдағы уақытта, ескертуде атап өтілгендей, банк секторының көрсеткіштері тұрақты болып қалады. Ал алдағы екі жылда тіпті экономиканың өсуін байқауға болады. Ауыл шаруашылығы саласының өсуі мен ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың арқасында экономика 4 пайызға жетеді деп күтілуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық