Финляндия Ресей шекарасына әскери техникасын жөнелтті
Финляндияның қорғаныс министрлігі кенеттен ауыр қару-жарақтарын Ресей шекарасына қарай тасымалдауды бастады.
Финляндия-Ресей шекарасы бағытында қазірдің өзінде екі пойыз жөнелтілді.
Ұсынылған бейнекадрларда ауыр және жеңіл броньды көліктердің Ресей шекарасына қарай тасымалдау сәтін көруге болады.
Финляндия-Ресей шекарасына Leopard 2A6 танктері, жаяу әскерлердің жауынгерлік машиналары, бронетранспортерлер мен шынжыр табанды тракторлар жөнелтілді.
Көрсетілген броньды көліктердің қанша бөлігі Финляндиянікі екеніне сүйене отырып, олар броньды күштерінің жартысына жуығын Ресей шекарасына жібергенін байқауға болады.
Қазіргі уақытта Ресей шекарасына ауыр техниканы жөнелту себептеріне қатысты Финляндиядан ресми мәлімдемелер жоқ.
Сәуір айында Финляндияның бұрынғы сыртқы істер министрі, қазір ел парламентінің сыртқы істер комитеті төрағасының орынбасары Эркки Туомиойа Финляндия биылғы көктемде НАТО-ға мүшелікке өтініш беруге дайындалып жатқанын айтты.
Финдік Iltalehti газеті үкіметтегі анонимді дереккөздерге сілтеме жасап, Финляндияның 12 мамырда НАТО-ға мүшелікке өтініш беру туралы шешім қабылдайтыны туралы ақпарат жариялады.
Бұған дейін Финляндия парламенті елдің НАТО-ға кіруін қолдаған болатын. Шешімді 121 депутат мақұлдап, 12 депутат қарсы шықты.
Финляндия қорғаныс министрлігі, қорғаныс саясаты департаментінің басшысы Янне Куусела Финляндия НАТО-ға мүше болса, Балтық жағалауы елдеріне әскер жіберетінін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық