ҚФФ мемлекет тарапынан қаржыландырудан бас тартты
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Азамат Айтхожин ұлттық құраманың 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясындағы соңғы ойында Франциядан жеңіліс тапқанына қатысты пікір білдіріп, федерацияға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы туралы, ұлттық құрамаға ойыншылар резервінің жоқтығы туралы және мемлекеттік қаржыландырудан бас тарту шешім туралы айтты.
Азамат Айтхожин футболдан Қазақстан құрамасының тарихтағы ең ірі жеңілісін көптеген жетекші ойыншылардың болмауымен және жалпы ұлттық құраманың резервінің жоқтығымен байланыстырды.
– Біріншіден, Франциямен ойындағы сәтсіздік үшін отандық жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Біз әрбір жеңілісті ауыр қабылдаймыз. Тағы бір айтарым, негізгі құрамдағы ойыншылардың көпшілігі жарақатына байланысты Парижде ойнай алмады. Бүгінгі таңда бізде ұлттық құраманың резерві жоқ екенін айта кеткен жөн. Команда көшбасшыларын ауыстырған ойыншылар халықаралық деңгейде ойнауға әлі дайын емес, - деді Айтхожин.
Азамат Айтхожин қоғамда айтылып жатқан сынға да ашық жауап бере алатынын айтты. Оның айтуынша, келесі жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттік құрылымдар тарапынан жасалатын қаржыландырудан бас тартады.
– Қоғамда айтылып жатқан сынға келетін болсақ, мен ашық айтайын. Биыл және өткен жылдары Қазақстан футбол федерациясына мемлекет бюджетінен 200 миллион теңге бөлініп, ол түрлі жастағы (U17, U19, U21), Blind-Football (зағип жандарға арналған футбол), әйелдер, жағажай және футзал командаларының оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға және жарысқа қатысуы үшін жұмсалды. Қандай миллиардтар туралы айтып отырғанын түсінбедім?
– Келесі жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттік құрылымдар тарапынан жасалатын қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Ұйым УЕФА-дан түскен қаражат есебінен, сондай-ақ демеушілерден ақша тарту арқылы қаржыландырылады. Сондықтан ұлттық құраманың сәтсіздігінен кейін өзін жарнамалағысы келетін сыншыларға айтарым, тым болмаса мәселені тереңінен түсініп көріңіз, бос сөз айтпас бұрын материалды зерттеңіз. Біздің елде футбол әрқашан болған және әрі қарай да бола береді. Бұл миллиондаған адамдар қызығатын бірінші спорт түрі. Әрине, оны жаңа деңгейге көтеру үшін уақыт пен футболға бей-жай қарамайтындардың қолдауы қажет, - деді ол.
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Ұлттық құрамаға қолдау көрсетуді сұрап, алдағы уақытта бас бапкермен кездесу өткізетінін баса айтты.
– Ұлттық құрама жеңіске жеткенде, кешегі таққан айыптарыңды ұмытып, үнемі қолдадым дейсіздер. Сондықтан жеңілген күнде де, жеңіске жеткен кезде де әрқашан командамен бірге болу керек. Сондай-ақ алдағы уақытта ұлттық құраманың бас бапкерімен бірге қоғамды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беру мақсатында жетекші спорт журналистерімен кездесу өткізетінімізді айта кетейін, – деді Айтхожин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық