Фермер Нұрбол Назарбаевтан жапа шеккенін хабарлады
Фото: Orda.kz
«Сапар Агро» серіктестігінің бұрынғы директоры Ержан Қайрақпаев Нұрбол Назарбаевтан жапа шеккенін айтты. Жоқ қарызды даулап оның компаниясын, екі көлігі мен ірі қара малын тартып алған. Келтірілген шығын шамамен 400 млн теңгені құрады. Шаруа көмек сұрап Қасым-Жомарт Тоқавқа жүгінді.
Бизнесмен Ержан Қайрақпаев президентке видеоүндеу түсіріп, Orda.kz редакциясына жолдады. Қанды қаңтардан және нақты саяси өзгерістерден кейін фермер Болат Назарбаевтың ұлының өзіне көрсеткен қысымы туралы айтуды жөн көрген.
— Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Бас прокурор Берік Асыловқа, Ішкі істер министрі Марат Ахметжановқа өтініш білдіріп, маған қарсы жасалған қылмыстар туралы, яғни адам ұрлау, бопсалау, азаптау, озбырлық, бұзақылық туралы хабарлағым келеді. 2013-2017 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Алтын Орда» базарына, «Magnum» дүкендер желісіне және басқа да ірі дүкендерге ет өнімдерін жеткізу бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырдым. Бұл қызметті Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев өз адамдары арқылы әлі де қадағалап отырғаны жасырын емес,- деді Ержан Қайрақпаев.

Зардап шеккен кәсіпкердің айтуынша, Нұрбол Назарбаев ет бизнесіне 2017 жылы қызығушылық танытқан. Жалған құжаттар бойынша Елбасының жиені Қайрақпаевқа 287 млн теңге қарыз іліп қойған көрінеді.
— Ол мені «BN Plaza» бизнес орталығының ғимаратындағы кеңсесіне бірнеше рет шақырып, 287 млн теңге жалған қарыз үшін бопсалау арқылы ақша талап етті. Нұрбол Назарбаев жеке өзі мені қылмыстық жауапкершілікке тартамын, сондай-ақ маған қатысты күш қолданамын деп қорқытты. Нұрбол Назарбаевтың адамдары мені қайта-қайта 10-15 сағат бойы өз еркімнен тыс бизнес орталығында ұстады. 2017 жылдың күзінен 2018 жылдың көктеміне дейін Марат Нұрпейісов пен Максим Костенко Нұрбол Назарбаевтың жетекшілігімен менің қолымнан 148 бас ірі қара, 452 бас ұсақ мал, 3 жылқы алды. Мен Марат Нұрпейісовке 9,6 млн теңгені қолма-қол бердім. Нұрбол Назарбаевтың өтініші бойынша мен «Сапар Агро» ЖШС-гі сату-сатып алу шарты бойынша теңгерімінде 9 га жер телімі, 2 үй, 2 ат қора, 2 саяжай, 2 трактор, комбайн және ұсақтағышты да бердім, - дейді шаруа.

Ержан Қайрақпаев 2004 және 2014 жылғы екі Lexus көлігін де тартып алғанын айтты. Барлығы 400 млн теңгеге жуық ақша берді. Бірақ іс бопсалаумен ғана біткен жоқ, 2021 жылдың қаңтарында белгісіз біреулер оның үйіне басып кіріп, ұрып-соғып, Болат Назарбаевтың ұлымен кездесуге апарған. Шабуыл жасаушылар бөксесіне пышақпен жарақат салған.
Ержан Қайрақпаев әлі де өз өмірі мен жақындарының өмірі үшін қорқады. Ер адам бас прокуратураға арыз жазып та қойған.
Orda.kz тілшісі Нұрбол Назарбаевқа хабарласа алмады. Қазақстанның экс-президентінің немере інісі WhatsApp мессенджерінде журналистің хабарламасына жауап бермеді.
Рейдерлік басып алулар
«Алматы Стекло» ЖШС бас директоры Әзім Абдуллаев 2016 жылы шыны зауыты ашылғаннан кейін бірден Елбасының інісі Болат Назарбаевпен табыс бөлісуге мәжбүр болғанын айтты. Кәсіпорынды Әзім Абдуллаев ағаларымен бірге салған. Жоба құны шамамен 50 млн долларды құрады. 2022 жылдың сәуірінде ол Orda.kz сайтына Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол әкесінің үлесін басқа адамға – Руслан Шалинге бергенін айтқан.
Ал мамыр айының соңында шыны зауытына жаңа қожайынның өкілдері келді. Жұмыс орындарын қорғау үшін қызметкерлер кәсіпорын ғимаратына кіретін жолды жауып тастады. Әзім Абдуллаев рейдерлік тәркілеу фактісі бойынша арыз жазып, Алматы облысының экономикалық сотына Болат Назарбаевпен жасалған мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап-арыз берді. 25 мамыр Алматы облысы бойынша апелляциялық соттың шағымды қайтару туралы шешімнің күшін жою туралы отырысына Болат Назарбаев пен оның ұлы Нұрболдың өкілі хабарланғанымен, келмеді.
Данияр Әлпиев «Алтын Орда» базарын рейдерлердің басып алғанын хабарлады. 2000 жылдардың басында базар оның әкесі Алтынбек Әлпиевтің меншігінде болған. Ұлының айтуынша, 2007 жылы әкесін өлтіріп, базарды басып алып кеткен. Қанды қаңтардан кейін және базардағы көптеген тексерулерден кейін бағаның қымбаттауы, кіруге шектеу қою, бағаны келісу, шарт қою және басқа да заң бұзушылықтар анықталды.
2007 жылдан бастап бұл аумақ шынымен құрылтайшысы және басшысы Елбасының інісі Болат Назарбаев болған «ҚҰРЫЛЫС LTD» ЖШС-не тиесілі болды. Алтын Орданың жаңа қожайыны Данияр Әлпиев атанды. Ол әкесінің ісін жалғастырды.
Мамыр айында тағы бір кәсіпкер базарда рейд жүргізетінін хабарлады. Базардың бұрынғы директоры Данияр Әбдіғапаров та президентке жүгініп, жаңа әкімшілікті рейдерлік әрекетке барды деп айыптады.
Жақында Orda.kz тілшісі «Алтын Орда» базарында болып, жаңа басшылықтың жағдайын көрді.
Сондай-ақ, Алмас Әбдіғаппаровтың туыстары «AV-Construction» компаниясының жарғылық капиталының 25 пайызын рейдерлік жолмен тартып алғанын хабарлады. Қамауға алынған кәсіпкердің әйелі мен анасы барлығына Болат Назарбаевтың жақын адамдарын, оның ішінде туған қызы Құндыз Назарбаевты кінәлайды. Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жәбірленушілердің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Жаңалықтар
- ДСМ қазақстандықтарға хантавирус қаупіне қатысты ескерту жасады
- «Орталық Азия – Қытай» форматы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде нақты шешім үлгісі болады
- Негізгі тестілеуден бір апта өтпей жатып 86 талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды
- «Әскерге күштеп әкетіп жатыр»: Заңгер рейдтердің қай жері заңды, қай жері заңсыз екенін түсіндірді
- Қазақтың дауылпаз ақыны Олжас Сүлейменов 90 жасқа келді
- Қатаң жазаға дайынмын: Сұлтан Сәрсемалиев сотта қылмысын мойындады
- Владимир Зеленскийдің ең жақын серігі Андрей Ермак тергеу абақтысынан шықты
- Стамбұл–Измир тас жолында жолаушылар автобусы аударылды: Көптеген жарақат алғандар бар
- Құрбан айттың құрметіне — 27 мамыр демалыс күні
- БАҚ: Алматы облысында полиция бастығының орынбасары әйелін қызметтік көлікпен қағып өлтірді
- БАӘ аумағына дрондар шабуыл жасады: Олардың бірі атом электр станциясы маңына түскен
- Желіде Павлодардағы ХҚКО-да түсірілді делінген видеоның жай-жапсары белгілі болды
- Атырауда қайын жұртын қырып тастаған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот процесі басталды
- Павлодар алюминий зауытында екі жұмысшы жарақат алды
- Куба дәл Иран сияқты енді АҚШ-қа қарсы әскери әрекеттерге дайындалып жатыр
- АҚШ-та авиашоу кезінде екі әскери жойғыш әуеде соқтығысты
- Түрмеде жатып бизнес жасап, бостандықтағы азаматтардың қалтасын қаққан адамға жаза қосылды
- Астанадағы LRT пойыздарының жолда «тұрып қалған» себебі белгілі болды
- Ақтөбелік емші Динара Сәтжан мен Баян Алагөзоваға тиісіп, істі болды
- Қырғыз президенті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі сайлау алдында әлем көшбасшыларына үндеу жасады