Феминистерге шеру мен митинг өткізуге рұқсат берілмеді
Алматы әкімдігі 2022 жылдың 8 наурызына жоспарланған әйелдер шеруін өткізуден бас тартты.
Шенеуніктердің айтуынша, рұқсат бермеудің себебі – марш күні таңғы тоғыздан кешкі сегізге дейін Шоқан Уәлиханов атындағы саябақта Медеу ауданының әкімдігі өткізетін «мәдени-бұқаралық және ойын-сауық іс-шаралары» жоспарланған.
«803» феминистік бастамашыл тобы Instagram парақшаларында хабарлағандай, бұған дейін митинг туралы хабарлама мен шеру туралы өтініш бергенге дейін әкімдіктің 8 наурызға арналған жоспарлары туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Қыздардың айтуынша, қалалық әкімдік қызметкерлері ұйымдастырушыларды кездесуге шақырған. Онда эпидемиологиялық жағдайға байланысты жоспарларды қайта қарауды және маршты өткізу туралы өтінішін қайтарып алуды ұсынды. Алайда, бастамашыл топ шеруді өткізуге ниетті екенін айтып, өтінішті қабылдамады. Феминисттер 12 желтоқсанға жоспарланған митинг өткізуге, онда әйелдер құқығына байланысты акция туралы хабарлама жіберді.
«Әкімдік өз іс-шаралары үшін көшелер мен гүлзарларды алып кете алмайды. Әкімдіктің иелігінде бүкіл қала бар. Бейбіт жиналыстар-билік ұйымдастырған мәдени-бұқаралық іс-шаралар емес, азаматтардың жиналысы. Біз 8 наурызда шеру мен митинг өткізу құқығымыз үшін күресуге ниеттіміз. Бізбен бірге 2022 жылы феминистік шеруге қатысыңыз!» деп хабарлады қыздар өз парақшасында.
2021 жылдың 8 наурызында Алматыда Халықаралық әйелдер күніне орай марш өтті. Қала әкімдігі акцияны бірнеше жыл ішінде алғаш рет мақұлдады. Митингке 500-ден аса адам жиналды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық