Фейсбуктың бұрынғы жоба менеджері мәлімдеме жасады
Фото: РБК
Фейсбукке тиесілі әлеуметтік желілердің уақытша істен шығуы – алып компанияның цифрлік және контент саясатына қатысты ақпараттың тарауына соқтырды.
Бұл туралы Orda.kz 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Фейсбуктың бұрынғы қызметкері Френсис Хоган компанияның басты мақсаты – желі қолданушыларының қауіпсіздігі емес, қаржылық пайда табу екенін айтты. Сенат тыңдауына қатысқан Френсис фейсбукқа тиесілі инстаграм әлеуметтік желісінің жас қолданушыларға, әсіресе бойжеткендерге кесірі туралы мәлімдеп, реформа жасауға шақырды.
Оның айтуынша, фейсбук платформасында денсаулық сақтауға қатысты жалған ақпараттың тарауы – компания өнімдерін өткізудің құйтырқы жолы. Әрі осал топтарға манипуляция жүргізу де кеңінен қолданылып келген-мыс. Осы орайда сенаторлар Цукербергтің өзі алдағы уақытта Конгресс алдында жауап беруге тиіс деп отыр.
– Менің бұл жерге келіп, куәлік етуімнің басты себебі – фейсбуктың біздің қоғам үшін қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіру. Ең алдымен біздің балаларымыз бен демократиямыз үшін қауіпті. Бұл компанияның күші шектен шығып барады. Қазіргі кезде фейсбук темекі сияқты деңгейге жетті. Жас балалар өз-өзін ұстай алмай отыр. Инстаграмнан бас алмайды. Ал ол желіге кірген адам үлкен манипуляцияға ұшырайды. Тіпті фейсбук салдарынан ажырасып жатқан отбасылар бар. Сонымен қатар фейсбуктың жүргізіп отырған саясаты – Эфиопия сияқты елдерде этникалық зорлық-зомбылық тудыруда, - деді фейсбуктың бұрынғы жоба менеджері Френсис Хоган.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық