ФБР Капитолийдегі бүліктің артында шетел қаржысы бар деп күдіктенуде
АҚШ Федералды тергеу бюросы (ФБР) 6 қаңтардағы орын алған тәртіпсіздіктің артында шетел қаржысының бар-жоғын тексеруде, деп хабарлады NBC телеарнасы. Арна тілшілері бұл ақпаратты алу үшін екі адамды сөзге тартқан. Олардың біреуі ФБР-дің қазіргі қызметкері болса, екіншісі бұрынғы қызметкері.
6 қаңтардағы оқиғаға қатысы бар адамдарға биткоин түрінде қаржы аударылғаны ФБР-дің назарына іліккен. Себебі, Капитолийді басып алу ісі бойынша күдікті саналатын адамдардың есеп-шотына биткоин түрінде 500 мың доллар аударылған екен.
Телеарна хабарында бұл қаржы операциясының артында Франция азаматы тұрған болуы мүмкін делінген. Қаржы төлемдерінің барлығын криптовалютамен ақша аударуды сараптаушы мамандар құжаттаған.
Естеріңізге сала кетсек, Конгрестің қос палатасы 6 қаңтар күні президент сайлауы нәтижесін бекіту мақсатымен ортақ отырыс өткізбекші болды. Сол күні АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп жақтастарымен Ақ үй жанында митинг өткізіп, сайлау нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеді. Митингіден кейін Трамп жақтастары Конгресс отырысы басталған Капитолийге шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам қайтыс болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық