Facebook, Twitter және Youtube Дональд Трамптың аккаунтын блоктап тастады
Вашингтонда болған жаппай тәртіпсіздікке байланысты Instagram, Facebook, Twitter және Youtube Дональд Трамптың аккаунтын блоктап тастады.
7 қаңтарда Instagram мен Facebook Трамптың аккаунтын 24 сағатқа, ал Twitter 12 сағатқа блокқа қойды. Аталған әлеуметтік желілермен бірге Youtube те Трамптың Капитолий маңында жақтастарына жолдаған видеоүндеуін көрсетпей қойды.
Әлеуметтік желілердің әкімшілігі бұл әрекеттер олардың талаптарын бұзатынын мәлімдеді.
Яғни, АҚШ-тың қазіргі президенті осы уақыт аралығында аталмыш платформаларда ештеңе жариялай алмайды.
Кеше АҚШ конгресі сайлаушылардың даусын есептеп, 2020 жылғы президент сайлауының қорытындысын шығару үшін жиналған болатын.
Осыны пайдаланғысы келген Дональд Трамп жақтастары жаппай наразылық акциясын өткізіп, оған қатысқандардың бір тобы конгресс ғимаратына басып кірген еді.
Бұдан бұрын Дональд Трамп Вашингтонда мыңдаған адам жиналған митингте сөз сөйлеп, өзінің жеңілгенін мойындамайтынын айтты. Ол өз жақтастарын Капитолий ғимаратына барып, наразылық білдіруге шақырды. Сол күні өріс алған оқиғалар салдарынан билік Вашингтонда коменданттық сағат енгізді.
Коменданттық сағат жарияланғаннан кеін АҚШ президенті Дональд Трамп тұрғындарды бейбіт әрекет етуге шақыра бастады.
«Өтініш, біздің астаналық полицейлер мен тәртіп сақшыларын қолдаңыздар. Олар расында біздің жағымызда. Бейбіт әрекет етіңіздер!», - деді Ақ үй басшысы Twitter желісіндегі парақшасында.
Артынша Конгресс күзеті Трамптың жақтаушыларының бірі – әйел адамның кеудесіне оқ атқаны белгілі болды. Жарақат алған әйел шұғыл түрде ауыр халде Капитолийден эвакуацияланды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ол ауруханада қайтыс болған.
Көп ұзамай Трамптың негізгі қарсыласы Джо Байден мәлімдеме жасады. Ол бұл оқиға тәртіпсіздік емес, бүлік екенін айтты.
«Мен Трампты қазір ұлттық теледидар арқылы шығып, антын орындауға, Конституцияны қорғауға және тәртіпсіздіктің аяқталуын талап етуге шақырамын», деді Байден.
Кейіннен Капитолий ғимаратынан Трамптың жақтастарының барлығы шығарылғандығы белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық