Ежелгі Сарайшық қалашығын су басу қаупі төніп тұр
Фото: Orda.kz
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Индер ауданы, Индербор, Жасуат, Құрылыс ауылдарындағы, сондай-ақ Атырау облысы Махамбет ауданы, Махамбет, Сарайшық, Талдыкөл ауылдарындағы жағалауды бекіту жұмыстарымен танысты.
Атырау облысында су тасқыны қаупі сақталуда. Индербор және Махамбет ауылдары маңындағы өлшеу бекеттерінде су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен. Жайық өзені деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. Барлық қауіпті аймақтарда тәулік бойы вахта ұйымдастырылған. Табиғат апатымен күресуге жергілікті тұрғындар, еріктілер мен түрлі кәсіпорындардың қызметкерлері белсенді қатысуда.
Индер аймағында топырақ бөгеттерінің жалпы ұзындығы 30 шақырым болады. Жасуат, Индербор, Құрылыс, Көктоғай, Өрлік, Есбол, Елтай елді мекендерінде бөгет салынды. Жұмысқа Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін қосқанда 40-тан астам арнайы техника, 300-ге жуық әскери және 100-ге жуық төтенше жағдай қызметкерлері жұмылдырылған.
Махамбет өңірінде Жайық өзенінің бойында 17 елді мекен бар. Оларды қорғау үшін 80 шақырым жағалауды қорғау бөгеттері салынды. Олардың облыс бойынша жалпы ұзындығы 105,8 шақырым. Су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда. 130 бірлік арнайы техника, 650 әскери қызметкер, 200-ден астам төтенше жағдайлар қызметкері, 300-ге жуық ерікті және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Махамбет ауданының әкіміне ежелгі Сарайшық елді мекенінің бүкіл ұзындығы бойынша Жайық өзенінің бойындағы бөгетті қосымша көтеруді тапсырды.
«Ол үшін мұнда Қорғаныс министрлігінің ондаған техникасы мен жүздеген жеке құрамы тасымалданады. Тарихи мұраларымызды қорғау мен сақтауға жауапкершілікпен қарау керек», – деп тапсырды Қанат Бозымбаев.
Жаңалықтар
- Мереке қарсаңында БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер берілді
- Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Ұсталған жасөспірімдер үйқамақта болады
- Еуропада аптап ыстықтан бағдаршамдар еріп жатыр
- Ақтаудағы автомобильге газ құю бекетінде ұзын-сонар кезек
- Алматы – Ташкент жолында мотор майын тасымалдаған жүк көлігі аударылып, өртенді
- Елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні
- Алматыда курьер тыйым салынған вейп тасып жүргенін білмеген
- ӘЧ-2026: Месси жаңа рекорд орнатты
- Венесуэладағы жер сілкінісі: Құрбандар саны 1,4 мыңға жетті
- Ормуз бұғазындағы қауіп күшейді
- Сербия президенті Александр Вучич қызметтен кететінін мәлімдеді
- Ажырасқандардың жеке сот орындаушы ақысын екі жақтап төлеуі — Конституцияға қайшы
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
- Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
- Жетісу облысындағы тасжолда түнгі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
- Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
- БҰҰ: Есірткінің жаңа түрлері нарықты жаулап барады
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды