Еуропада термо іш киімнің сатылымы 246%-ға өсті
Еуропа елдері Қытай өндірушілерінің көмегімен жылынып отыр.
Қытайда тігіншілер еуропалық жылы киімге деген кенеттен келген сұранысты қанағаттандыру үшін қосымша жұмыс істеп жатыр. Қыс мезгілі жақындап, электр қуатының қымбаттауына байланысты термо іш киімдер мен мойны бар жылы киімдерге (водолазка) тапсырыстар көбейіп жатыр.
Қытайдың Global Times мемлекеттік басылымының хабарлауынша, мойны бар жылы киімдер сатып алушылар арасында хитке айналды. Бұған француз саясаткерлерінің жаңа сәні әсер еткен шығар. Францияда президент Эммануэль Макрон мен қаржы министрі киім үлгісін өзгертті. Енді костюмнің астындағы көйлектердің орнына мойны бар жылы киімдер киеді.

— Соңғы 30 күнде біздің интернет-дүкенде ерлерге арналған мойны бар жылы киімдерге сұраныс 13 есе өсті. Мамырдың басында біз алдағы сатылымға төтеп беру үшін қосымша жұмыс істей бастадық», - деді Қытайлық Xiamen Premium Import & Export Co компаниясының басшысы Ло Цзюнь Global Times газетіне.
Ал, еуропалықтардың тапсырыс берген алғашқы өнімі қытайлық өндірушілер әлі күнге дейін электр көрпе деп атайды. Мысалы, Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында орналасқан, сонымен қатар шағын тұрмыстық тауарлардың дүние жүзіндегі ең үлкен көтерме сауда нарығы болып табылатын Иу қаласы жылдың алғашқы сегіз айында әртүрлі жылу өнімдерін, соның ішінде кондиционерлерді, жылу сорғыларын, электр көрпелерді экспорттады. Жылытқыштар мен электр көрпелер сатылымы 26,5 млн. долларды, сату көлемі бір жыл ішінде 41,6%-ды құрады.

Сондай-ақ AliExpress халықаралық электрондық коммерция платформасында жемпір мен пуловерге сұраныс іздеу жүйесінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды басылым платформа деректеріне сілтеме жасап. Сонымен қатар, газет, AliExpress мәліметтеріне сәйкес, Еуропада термо іш киімнің сатылымы алдыңғы аймен салыстырғанда 246% өсті, ал Францияда бұл өнімдерге тапсырыстар бір айда 372%, Италияда 365%, ал Германияда – 362%-ға өсті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық