Еуропарламент өкілі Ресейге қарсы санкцияны күшейтуді сұрады
Еуропа халық партиясының төрағасы Манфред Вебер жаңа санкциялар бойынша ресейлік олигархтардың қаражаты бұғатталып, Ресейдің SWIFT банк жүйесінен шеттетілуі мүмкін екенін жеткізді.
Еуропа парламентіндегі жетекші партия төрағасы Мәскеудің арандатуға барып жатқанын айтады.
Манфред Вебер Funke медиа тобына берген сұхбатында «Украина шығысындағы жанжал ушығып кетсе немесе колонияда жатқан оппозиционер Алексей Навальныйдың халі нашарласа Ресейге қарсы санкцияларды күшейту керек», деп мәлімдеді.
Бұл Ресей газын Балтық теңізі арқылы Германияға жеткізетін «Солтүстік ағыс-2» газ құбырының құрылысын қиындатуы ықтимал.
Bloomberg агенттігі бұған дейін Вашингтонның Ресей президенті Владимир Путиннің айналасындағы адамдарға санкция салу қарастыратындығын хабарлаған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, АҚШ билігі бірқатар Ресей дипломатын қайтаруы да мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық