Еуропалық Одақ «доллар үстемдігіне қарсы шығуды» жоспарлап отыр
Еуропалық Одақ Джозеф Байденнің президенттік қызметке кірісуінен бірнеше күн бұрын доллардың үстемдігіне қарсы тұра отырып, АҚШ-тың санкцияларына және басқа қаржылық тәуекелдеріне Еуропаның осалдығын төмендету жолдарын іздей бастады. Financial Times газетінің ЕО жобасы мен ондағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып жазғанындай, Еуропалық Одақ әлемдік нарық долларға тым тәуелді деп жариялауды жоспарлап отыр.
Құжатта бірінші кезекте АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы санкцияларды қалпына келтіргеннен кейін ЕО тап болған қиындықтар туралы айтылады. ЕО-ты осындай шаралардың «аумақтан тыс заңсыз пайдаланудан» болатын салдарларынан «қорғау» қажет, делінген жобада.
Трамп президент болған жылдар біздің әлсіз жақтарымызды көрсетті және ол кетіп қалса да, біз оларды жоюымыз керек. Біз ЕО-ның әлемдегі орны туралы - біздің көлемімізбен салыстыруға болатын экономикалық және қаржылық күш болу мүмкіндігі туралы айтып отырмыз.
Құжат жобасында Дональд Трамптың төрт жылдық билігі кезіндегі саясатында АҚШ пен оның валютасының әлемдік қаржы жүйесіндегі үстемдігін көрсеткендігін, ЕО-тың бұған көңілі тоймайтындығын келтірілген.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың мамыр айында АҚШ Тегеранмен жасалған ядролық келісімнен шығатынын және оған қарсы санкцияларды қалпына келтіретіндігін мәлімдеді. Еуропалық Одақ Иранмен сауда қатынастарын қамтамасыз ету үшін осы шектеулерді айналып өтуге шешім қабылдады. Осы мақсатта 2019 жылдың маусымында Ұлыбритания, Франция және Германия Тегеранмен INSTEX (сауда биржаларын қолдау құралы) қаржылық операцияларын бастады. Кейінірек оған Бельгия, Дания, Нидерланды, Норвегия, Финляндия және Швеция қосылды.
Бұл механизмге сәйкес Иран Еуропа елдеріне мұнай және басқа тауарлар жеткізеді деп жоспарланған болатын, бірақ одан түскен қаражатты Иран банктері емес, Иранға өнеркәсіп тауарларын, дәрі-дәрмектер мен азық-түлік жеткізетін еуропалық компаниялар алады. Алайда, осы уақытқа дейін дәрі-дәрмектерді, азық-түлік өнімдерін және басқа да гуманитарлық тауарларды сатуға және сатып алуға қатысты трансакциялар механизмі ғана азайтылды. INSTEX-те алғашқы осындай мәміле 2020 жылдың 31 наурызында болды, деп хабарлады Германия үкіметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық