Еуропа жаңа туристік маусымға дайын емес, ковид-құжат мәселе тудыруда
Еуроодақ елдері ковидке қарсы екпе төлқұжаттарын үйлестіру мәселесін келісе алмай отыр. Олар COVID-19-бен ауырған адамдар мен екпе алғандарға арналған бірыңғай сертификаттарды енгізу мен реттеуде бір мәмілеге келе алмауда.
Бұл жағдайдың туристік маусымның басталуына кері әсер ететіндігі сөзсіз. Одақ ретінде нақты шешім шығарылмағандықтан, әр ел мәселені өздігінен шешуге мәжбүр, деп хабарлайды tourdom.ru сайты.
Қазір Еуропалық комиссия саяхатшылардың денсаулығы туралы барлық ақпаратты тіркеуге мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық платформаны құру жұмыстарын қарастыруда. Бұл жұмыс 3-4 ай созылуы мүмкін. Себебі тек жүйені дамыту процесі ғана емес, сертификаттарды заңды рәсімдеуге байланысты да мәселелер бар. Сондықтан туындаған қиындықтарды шешу уақыт талап етеді.
Экономикасы туризмге тәуелді елдер ковид-төлқұжат енгізілгенін қолдайды. Алайда, ЕО-ның бірнеше елі, соның ішінде Бельгия мен Франция ковид-төлқұжатын енгізуге қарсы.
Ал ЕК басшысы Урсула фон дер Ляйен комиссия мүшелері бұл мәселені жан-жақты қарастыратындығын мәлімдеді. Ол мұндай құжатты айналымға енгізу медициналық қажеттілік екендігін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық