Еуропа Одағы Израильді Газадағы мектепке шабуыл жасағаны үшін айыптады
Фото: 24 kz
Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррел Газадағы Әл-Табиин мектебіне Израиль армиясының шабуылы нәтижесінде кемінде жүз адамның қаза тапқанына наразылық білдірді.
«Израильдің соққысынан ондаған палестиналықтардың өмірін қиған Газадағы қауіпсіз мектептің кадрлары үрей ұшырды» деп жазды Боррел 10 тамызда X әлеуметтік желісінде.
Ол соңғы апталарда кемінде 10 мектептің нысанаға алынғанын атап өтті және бұл әрекетті ақтауға болмайтынын айтты.
Боррелл сонымен қатар Газада қақтығыс басталғаннан бері 40 мыңнан астам палестиналықтардың қаза тапқанын еске салды.
«Атысты тоқтату бейбіт тұрғындарды өлтіруді тоқтатудың және тұтқындардың босатылуын қамтамасыз етудің жалғыз жолы», - деді ЕО өкілі.
2024 жылдың 10 тамызында Израильдің Газа қаласындағы мектепке жасаған соққысы салдарынан 100 адамның қаза тапқаны белгілі болды. Шабуыл таң намазы кезінде болған. Ғимаратқа сол кезде әуе шабуылдарынан жасырынған газалықтар тығылған.
Жаңалықтар
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады
- Дәрігерлер әйелден салмағы алты келіден асатын ісікті алды
- Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге зейнетақы береді
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады